Гүлзада Құбашқызы Умірова (4 желтоқсан 1965, Атырау, Қазақ КСР) — қазақстандық ғалым, геофизик, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор. Геология және геофизика саласындағы, соның ішінде магнитотеллуриялық зондтау, гравиметрия және жер қойнауын геодинамикалық мониторингі бағыттары бойынша маман.
Өмірбаяны Умірова (Баймұханова) Гүлзада Құбашқызы 1965 жылы 4 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.
1990 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы бойынша тау-кен инженері-геофизик біліктілігімен үздік бітірді.
2011–2013 жылдары Каспий мемлекеттік университетінде магистратурада білім алып, техника ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.
2013 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің докторантурасына түсіп, 2017 жылы «Магнитотеллуриялық зондтау (МТЗ) технологиясы негізінде Қаратон–Сарқамыс блогы шегінде шөгінді жамылғы түзілімдеріндегі геоэлектрлік біртексіздіктерді анықтау» тақырыбында диссертация қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алдыhttps://docs.yandex.kz/docs/view?tm=1764906106&tld=kz&lang=ru&name=geokniga-vydelenie-geoelektricheskih-neodnorodnostey-v-obrazovaniyah.pdf&text=%D0%A3%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%20%D0%93%D1%83%D0%BB%D1%8C%D0%B7%D0%B0%D0%B4%D0%B0%20%D0%9A%D1%83%D0%B1%D0%B0%D1%88%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B0&url=https%3A%2F%2Fwww.geokniga.org%2Fbookfiles%2Fgeokniga-vydelenie-geoelektricheskih-neodnorodnostey-v-obrazovaniyah.pdf&lr=162&mime=pdf&l10n=ru&sign=4e6d68318841f506c6024d4b51dee9eb&keyno=0&nosw=1&serpParams=tm%3D1764906106%26tld%3Dkz%26lang%3Dru%26name%3Dgeokniga-vydelenie-geoelektricheskih-neodnorodnostey-v-obrazovaniyah.pdf%26text%3D%25D0%25A3%25D0%25BC%25D0%25B8%25D1%2580%25D0%25BE%25D0%25B2%25D0%25B0%2B%25D0%2593%25D1%2583%25D0%25BB%25D1%258C%25D0%25B7%25D0%25B0%25D0%25B4%25D0%25B0%2B%25D0%259A%25D1%2583%25D0%25B1%25D0%25B0%25D1%2588%25D0%25B5%25D0%25B2%25D0%25BD%25D0%25B0%26url%3Dhttps%253A%2F%2Fwww.geokniga.org%2Fbookfiles%2Fgeokniga-vydelenie-geoelektricheskih-neodnorodnostey-v-obrazovaniyah.pdf%26lr%3D162%26mime%3Dpdf%26l10n%3Dru%26sign%3D4e6d68318841f506c6024d4b51dee9eb%26keyno%3D0%26nosw%3D1.
Ғылыми еңбектері Умірова (Баймұханова) Гүлзада Құбашевна — геология және геофизика саласындағы белгілі ғалым, үздіксіз ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 35 жылды құрайды. Оның ішінде докторлық диссертация қорғағаннан кейінгі ғылыми қызмет өтілі — 8 жылдан астам. 2022 жылғы 31 тамыздан бастап Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Геофизика және сейсмология» кафедрасында қауымдастырылған профессор лауазымын атқарадыhttps://official.satbayev.university/kk/teachers/omirova-gulzada-kubashevna.
Ол бакалавриат және магистратура деңгейінде «Гравиразведка», «Геофизикалық ақпаратты өңдеудің теориялық негіздері», «Ұңғымалық геофизикалық зерттеулер» пәндерінен дәріс оқиды. Соңғы бес жылда оның ғылыми жетекшілігімен 12 магистрант диссертация қорғаған, қазіргі уақытта 3 докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады.
Ғалымның ғылыми қызығушылықтары геология және геофизика саласымен, атап айтқанда магнитотеллуриялық зондтау, электрбарлау әдістері, гравиметриялық мониторинг, мұнай-газ және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлау, сондай-ақ жер қойнауының геодинамикалық жай-күйін бағалау мәселелерімен тығыз байланысты.
Умірова (Баймұханова) Г. Қ. «ГЕОКЕН» ғылыми-өндірістік орталығының құрамында 30-дан астам өндірістік жобаларға қатысқан. Ол электрбарлау жұмыстарының (ВП-СГ, ВП-ДЭЗ, электротомография) нәтижелері бойынша, сондай-ақ мұнай-газ кен орындарындағы жер қойнауының мониторингіне арналған көптеген өндірістік есептердің авторы және теңавторы болып табылады.
Ғалым 40-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Докторлық диссертация қорғағаннан кейін 29 ғылыми мақала жариялаған, олардың 7-уі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда, ал 12-сі Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген.
Ғылыми жобалар Докторлық диссертациядан кейін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде және Nord-West Geophysics компаниясында магнитотеллуриялық деректерді өңдеу мен интерпретациялау бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті. Сондай-ақ Geosoft Oasis montaj және Geoplat Pro-S бағдарламалары бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.
Умірова (Баймұханова) Г. Қ. бірқатар гранттық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысқан, оның ішінде: AP05135158 — Қазақстанның мұнай-газ аудандарындағы жер қойнауының жай-күйін гравиметриялық мониторингтеу бойынша геоақпараттық жүйе әзірлеу (2018–2020); AP23487129 — Қазақстан халқын сумен қамтамасыз ету үшін ұңғымаларды тазалаудың инновациялық жүйесін әзірлеу (2024–2026, ғылыми жетекші); Мұнайлы горизонттардың мұнайлық әлеуетін болжауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары (2025–2026).
Марапаттары Ғылым мен білім саласына қосқан үлесі үшін бірқатар марапаттарға ие, олардың қатарында: Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ медальдары (2019, 2022); «Құрметті геолог» медалі (2023); «Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2024); Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хаты (2022, 2024) және басқа да наградалар бар.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан геофизиктері