Мәскеу және бүкіл Русь патриархы (; ) — Орыс православие шіркеуі примасының титулы. Одан бұрын жиі «Оның Киелілігі» жүгінуі айтылады. Мәскеу епархиясының ординарийі ретінде бұл лауазым иесінің тікелей канондық құзыреті тек Мәскеу аумағымен ғана шектеледі; алайда патриарх ретінде ол Орыс православие шіркеуінің жарғысында белгіленген бүкілшіркеулік әкімшілік өкілеттіктердің бірқатарына ие.

1589 жылы орыс митрополиясының статусы көтеріліп, патриархат құрылды да, тұңғыш патриарх Иов болды. 1721 жылы I Пётр патриархатты жойды да, орнына Аса қасиетті басқарушы синодты орнатты. Патриархатты күні Бүкілресейлік жергілікті кеңесі қайта құрды. Қазіргі патриарх — Кирилл (Гундяев).

Титулы Титулдың түрлі нұсқалары қолданылады, мәселен Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы, Мәскеу және бүкіл Ұлы, Кіші және Ақ Ресейлер патриархы, т.б.. Титулдың қазіргі түрі тұңғыш рет 1589 жылы қолданылды, 1917 жылы қайта құрылды, 1925 жылы КСРО тарабынан ыдырады, 1943 жылы қайта құрылды.

Тарихы Орыс православие шіркеуінің тарихы Владимир Святославич тұсындағы 988 жылғы Русь шоқынуынан бастау алады. Владимир тұсында Киев митрополиясы негізделді де, ол 1589 жылға дейін Константинополь патриархының юрисдикциясында болды. Киев маңыздылығын жоғалтты да, митрополит орталығы 1299 жылы Владимирге жылжытылды. 1325 жылы ол Мәскеуге көшті.

ОПШ автокефалиялығын Константинополь құлауынан кейін, 1448 жылы жариялады. Ол Феррара-Флоренция соборына қарсы еді. Орыс шіркеуі толығымен тәуелсіз болды да, орыс епископтарының кеңесі өз митрополиттерін сайлайтын болды.

1453 жылы Константинополь құлады да, Мәскеу тәуелсіз православие күштерінің жалғызы атанды, басшылары көп ұзамай Мәскеуді Византия империясының ізбасары деп, «Үшінші Рим» деді. Орыстар Константинопольдің құлауын «Құдай жазасы» деген. Ресейдің билікті өз қолына алуы православиенің орталықтануы мен стандарттануынан белгілі болды.

Канондағы статусының регулизациясы 1589 жылы митрополит Иов Константинополь патриархы II Иеремия батасымен орыстың тұңғыш патриархы атанды. Нәтижесінде патриархатқа, мәселен Константинополь, Антиохия, Иерусалим мен Александрия шіркеулерімен бірдей статус берілді. Патриархатты негіздеген жарлықта Орыс патшалығы «Үшінші Рим» делінді.

1590 жылғы Константинополь кеңесі Мәскеудің жаңа статусын растады да, үш жылдан кейін төрт басқа православие патриархы жиналып, 42 епископтан қолдау алып, оны ратификациялады. Осы кездері Мәскеу әлемдегі жалғыз тәуелсіз православие шіркеуі еді. Орыс шіркеуіне Шығыс православие шіркеуінің диптихінде 5-орын беріледі.

Мемлекеттен жойылғаны 1700 жылғы патриарх Адрианның өлімінен кейін кінәз I Пётр (1682–1725 жылдары билік құрған) жаңа патриархтың сайлануына қарсы болды. Пётр Ресейдің ресурстары, соның ішінде шіркеуі, мықты еуропалық мемлекет құруға, монархтың ықпалын күшейтуге жол бере алады деп сенді. Ол шіркеу ықпалын шектеп, епархияларға салық салатындай жаңа заңнама құра алатын комиссия құрды.

1721 жылы Пётр патриархтың орнына Аса қасиетті басқарушы синодты орнатты. Ол бүкіл епископ, монах пен священниктерді тағайындамақ болды. Шіркеуді, оған қоса, монархқа есеп беретін обер-прокурор қадағаламақ болды. Бұл синодтық заман 1917 жылға дейін жалғасты. Пётр арқасында, оған қоса, Константинополь патриархаты синодты легитим қылды. Пётр осылайша шіркеуді де орталықтанған, аса ықпалды органға айналдырды.

Қайта құрылуы жылғы Бүкілресейлік жергілікті кеңес шешімінше патриарх кеңсесі қайта құрылды. Осыдан кейін сайланған тұңғыш патриарх — Тихон. Алайда Қазан төңкерісі мен кейінгі азамат соғысы нәтижесінде Тихон бүкіл епархиялармен байланыс жасай алмай қалды да, патриархат бірлігін жоғалтты. Кейінгі жылдары жаңадан тәуелсіз аталған бірнеше мемлекеттерде шіркеулер ОПШ-дан тәуелсіздігін жариялады. Тихон басқарған ОПШ-ның басты органына КСРО үкіметі қысым көрсетті.

1990 жылы II Алексий Мәскеу патриархы болып сайланды да, ОПШ-ның қайта өрлеуін бастады. Түрлі епархиялар қайта ашылып, мыңдаған шіркеу мен монастырьлар қайта құрылды. 2009 жылы оның ізбасары Кирилл атанды. ОПШ шіркеудің 2000 жылғы статутынша басқарылады, ол Ресейдегі православ шіркеуі қауымдарының бүкіліне тікелей басшылық етеді және автоном шіркеулерге кеңес береді.

Таңдалуы 2000 жылы қабылданған шіркеудің статутынша патриарх лауазымға бүкіл өмірі бойы ие. Ол, оған қоса, қуылған патриархты соттауға, отставкасының легитимдігін архиерей соборынан сұрауға құқылы.

ОПШ Қасиетті Синоды келесі патриарх қылып тұрақты мүшелерінің арасынан біреуін таңдай алады. Ол сайлауды алты айдан ұзартуға құқылы емес.

Үміткерге қойылатын талаптар: ОПШ епископы болғаны, 40 жастан үлкен болғаны, жоғарғы дінтану білімінің, епархия басшылығындағы тәжірибесінің бар болғаны қажет.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Православие шіркеулерінің басшылары Патриарх Санат:Діни титулдар Санат:1589 жылы пайда болғандар