Аустрия-Сауд Арабиясы қатынастары — Аустрия мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар.

Аустрия мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың басталуы 1880 жылғы 7 шілдеге жатады, сол кезде Джиддада (ол кезеңде Осман империясының билігінде болған) Аустрияның консулдығы ашылды. Екі мемлекет арасындағы ресми және тікелей дипломатиялық қатынастар 1957 жылғы 10 қыркүйекте орнатылды. Бүгінде Аустрияның Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта елшілігі бар, ал Сауд Арабиясының Аустрия астанасы Венада елшілігі жұмыс істейді.

2001 жылғы қазанда Аустрия президенті Томас Клестиль Сауд Арабиясына мемлекеттік сапар жасады.

2004 жылғы сәуірде Сауд Арабиясының тақ мұрагері Абдалла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд Аустрияға мемлекеттік сапармен келді.

2006 жылғы наурызда Аустрия президенті Хайнц Фишер Сауд Арабиясына мемлекеттік сапар жасады.

Аустрияның Сауд Арабиясындағы қазіргі елшісі — Георг Пёстингер (2019).

Дереккөздер

Санат:Аустрия екіжақты қатынастары Санат:Сауд Арабиясы екіжақты қатынастары