(624) Гектор — Юпитердің орбитасы бойымен айналып жүрген троян астероидтарының ішіндегі ең үлкені. Ол L4 Лагранж нүктесінде орналасады, яғни Юпитердің алдынан жүріп қозғалады.

Астероидты 1907 жылы 10 ақпанда Август Копфф Гейдельберг обсерваториясында ашты. Бұл (588) Ахиллес пен (617) Патроклдан кейін ашылған үшінші троян астероиды болды.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны

(624) Гектордың ұзындығы басқа өлшемдерінен гөрі анағұрлым артық екені бұрыннан белгілі болды. 2006 жылдың шілдесінде ол тоқайласқан қосарлы дене болуы мүмкін деген деректер тарады. 2011 жылдың қарашасында бұл, шын мәнінде, кішігірім серігі бар астероид екені анықталды.

Серіктің өлшемдері 12±3 шақырымға тең деп бағаланады. Ол (624) Гекторды үш күнде бір айналып, одан орташа есеппен 623 шақырым қашықтықта орналасады. 2017 жылы оған Скамандр деген атау қойылды.

Астероид атауы Ежелгі Грекия аңыздарынан белгілі болған Трояның бас батыры есіміне байланысты. Троя соғысында ханзада Гектор гректерге қарсы тұрған. Ал Скамандр оның баласы болған.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (601—700) Санат:Астероидтар