Жаңаарық () — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Хорезм облысы Жаңаарық ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 10500 адам (2005).
Жаңаарық – Үргеніштің оңтүстігінде, облыс орталығынан 20 шақырым жерде Әмудариядан тармақталып жатқан суармалы каналдардың бірінде орналасқан. Жаңаарықтан бір-екі шақырым жерде Қарақұм шөлі басталады. Жаңаарық – мақта және астық шаруашылығы, бау-бақша, бақша дақылдары дамыған ауылшаруашылық елді мекен. Кірпіш зауыты, халыққа қызмет көрсететін шағын кәсіпорындар, жергілікті базар бар.
Мұнда үш жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, кәсіптік-техникалық колледж, аудандық орталық кітапхана және оның филиалдары, екі мәдениет үйі, стадион бар. Халыққа аудандық орталық аурухана, емхана, перзентхана, дәріхана, тағы басқа қызметтер көрсетіледі.
Дереккөздер
Санат:Хорезм облысы елді мекендері