Padlet тақтасы — бұл онлайн-құрал. Ол виртуалды ақ тақта сияқты жұмыс істейді. Мұнда қолданушылар мәтін, сурет, бейне, сілтеме, құжат секілді материалдарын орналастырып, ортақ жұмыс жасай алады.
Негізгі мүмкіндіктері Бірнеше адам бір уақытта бір тақтада жұмыс істей алады (коллаборативті орта); мәтін, сурет, бейне, аудио, құжат, сілтемелерді жүктеп қоюға болады; тақтаны түрлі үлгілерде (жолдар, кесте, уақыт шкаласы, карта) жасауға мүмкіндік береді; әр қолданушы өзінің ойымен бөлісіп, пікір қалдыра алады; смартфон, планшет, компьютер арқылы қолжетімді.
Қолдану салалары Білім беруде мұғалімдер оқушылардан жауап жинауға, топтық жұмыс ұйымдастыруға, идея алмасуға пайдаланады; жобалық жұмыста ортақ идея тақтасын құру; конференциялар, семинарларда пікірлер мен ұсыныстарды жинақтау.
Дереккөздер
Санат: Жаңа технологиялар