Жаңаабат () — Өзбекстанның Ташкент облысындағы қала (1953 жылдан). Ангрен қалалық әкімшілігі басқарады. Қала халқы: 9 000 адам.
Географиялық орны Жаңаабат Шатқал жотасының оңтүстік-шығыс беткейінде, Дүкетсой мен Каттасой өзендерінің түйіскен жерінде, теңіз деңгейінен 1300 метр биіктікте орналасқан.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Жаңаабат — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 169-шы орында және өз аймағында (Ташкент облысы) 23-ші орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 26 719-шы.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Шырын (12 км), Баяут (12 км), Бекабат (15 км), Спитамен (15 км, Тәжікстан), Бустон (25 км, Тәжікстан), Жаңажер (28 км), Хауас (29 км), Зафаробод (30 км, Тәжікстан), Пролетарск (36 км, Тәжікстан), Гүлістан (38 км), Хожант (41 км, Тәжікстан), Наурыз (41 км), Диқанабат (44 км), Истиклол (48 км, Тәжікстан), Сайқұн (48 км), Истаравшан (50 км, Тәжікстан), Гафуров (51 км, Тәжікстан), Бөке (53 км), Гүлістан (55 км, Тәжікстан), Сулюкта (57 км, Қырғызстан).
Тарихы Кеңес өкіметі кезінде уран өндіретін жабық қала болды. Қазіргі уақытта уран өндірілмейді, қала Ташкенттіктердің жазғы демалыс орны ретінде танымал. Қаладан бірнеше шақырым жерде қаланың негізгі су көзі болып табылатын минералды бұлақ бар.
Экономикасы және инфрақұрылымы Жаңаабатта өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының желісі, автовокзал, пошта, сауда, қызмет көрсету, мәдениет мекемелері, рта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, фельдшерлік пункт, дәріхана бар.
Дереккөздер
Санат:Ташкент облысы қалалары