Binom School — Қазақстанда BI Group команиясының бастамасымен мемлекеттік-жекеменшік механизмі негізінде құрылған жекеменшік мектептер желісі. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігімен іске асырылады.
BINOM мектептері желісіндегі барлық білім беру үдерістерін «Білім болашағы»корпоративтік қоры басқарады. BINOM желісі үш ауысымды мектептерді жеңілдетуге және сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.
Тарихы Жобаның басталуына Астана халқының демографиялық өсуіне және оқушы контингентінің өсуіне, мектеп орындарының тапшылығы себепші болды. Мектептердің көп бөлігі үш ауысымды мектеп ретінде қызмет ете бастады.Тек Астананың өзінде шамамен 26 мың орын жетіспеді, ал 2025 жылға қарай тапшылық 90 мыңнан асады деп болжанды. Астанада оқушылар саны 2017 жылы шамамен 130 мың болса, 2020 жылға 200 мыңға жуықтаған. Ел көлемінде шамамен 260 мың оқушы орын тапшылығын сезінуде. Ал 2025 жылға қарай 1 миллион орынға жетеді. Сондықтан күн тәртібінде «мектеп салу керек пе?» деген сұрақтан гөрі, қысқа мерзімде қанша мектеп салу қажет деген сұрақ тұрды. Астана қаласының әкімдігі бір мезетте қажетті ірі қаражат бөле алмағандықтан мемлекет-жекеменшік моделін қолдана отырып 6 мектеп салу жобасын бастады.
Binom School-дың алғашқы мектебі 2021 жылы Астана қаласында ашылды. Астанадағы алғашқы мектептің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Премьер-министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қала әкімі Алтай Көлгінов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
BINOM мектептеріндегі тәрбие «Аманат» құндылықтар үлгісіне негізделген. Оның іргетасы – шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі кемел адам және қайырымды қоғам қағидалары. Мектепте оқыту негізінен қазақ және бірнеше орыс тіліндегі сыныптарда оқытылады.
2022 жылдың мамырында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев BINOM-ға жеке сапарынан кейін жобаны еліміздің барлық өңірінде ауқымдап, жаңа форматтағы мектептер салуды ұсынды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі BINOM мектептерін салу жобасы аралас модельмен жүзеге асырылады: Республикалық бюджеттен жан басына шаққан қаржыландыру және МЖӘ тетігі бірге қолданылады.
Мектеп құрылысының құны BINOM мектептері НЗМ форматын үлгі ретінде алған. Мұндай форматтағы 2000 орындық бір мектептің құрылысы шамамен 7,5 млрд теңге деп есептелген: 5,7 млрд тг – ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары; 1,3 млрд тг – технологиялық жабдықтау; 350 млн тг – авторлық және техникалық қадағалау; 150 млн тг – кітапхана қоры.
Әр оқу орны бір ауысымда 2000 орынға есептелген. Бір мектептің құрылысына шамамен 7,5 млрд теңге жұмсалды. Компания деректеріне сай, жалпы 100 млрд теңге алты жыл бойы мектептерді салуға және пайдалануға (16 мың баланы оқыту, 1200 мұғалімнің еңбекақысы және т.б.) жұмсалмақ. Мектеп іске қосылғаннан кейін BI Education компаниясы мектепті 5 жылға басқаруға қабылдайды. Мектепті қаржыландыру жан басына қаржыландыру есебінен жүргізіледі.
Астана әкімдігі жобада BI Group-ты таңдауды мектептердің қуаттылығымен түсіндіреді: 2000 орындық осындай нысандар бұрын Қазақстанда салынбаған, ал бюджеттік жобалар аясындағы типтік мектептердің сыйымдылығы көбіне 600, 900 немесе 1200 орын. Конкурсқа Binom Education ЖШС (жалғыз құрылтайшысы — BI Construction & Engineering) ұсыныс берді; BI Group компаниясын Сбербанк қаржыландыру жүргізеді. Ауылдық жерлерде бала саны жеткіліксіз болғандықтан, жоба негізінен қала мен облыс орталықтарына бағытталған.
Мектеп ғимараты Бином мектептері жаңа технологиялар мен мектеп салу қағидаларына негізделген. Мектеп ғимараты 5 қабаттан тұрады. Мұнда екі спорт зал, кинозал қамтылған. Әр BINOM мектебі шамамен 22 мың шаршы метр аумақта орналасқан:
127 пән кабинеті; физика, химия, биология, нано және биотехнология бойынша 9 кеңейтілген зертхана; 100 орындық кинозал; мұғалімдер мен оқушыларға арналған коворкинг аймақтары; телестудия, смарт-сыныптар, ойын бөлмелері; шығармашылық эксперименттерге арналған 3D-принтер; робототехника кабинеттері; металл және ағаш өңдеу шеберханалары; инклюзияға арналған инфрақұрылым: лифтілер, пандустар, көтергіштер, реттелетін үстел-парталар, тактильді жолақтар және т.б.
Мектептер желісі BINOM School — 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға арналған тегін білім беру жүйесі. Жүйеде шамамен 1900 мұғалім жұмыс істейді. Оқу процесімен 32 мыңнан астам оқушы қамтылған. 2021 жылдан Астанада алты мектеп, 2023 жылдан Атырауда екі мектеп жұмыс істейді. 2025 жылы Атырадуда тағы 2 мектеп жұмысын бастайды.
2025 жылы Семей қаласында BINOM мектептерін салу туралы келіссөздер басталды.
Астана қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі
Жобалар Teachers' Summit B-Fest
Қараңыз BI Group Quantum School iQANAT Burabay High School Келешек мектептері Назарбаев Зияткерлік мектептері
Сыртқы сілтемелер BINOM School мектептерінің видео-презентациясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мектептері