«Маймылдар ғаламшары» — Пьер Бульдің сол аттас романына негізделген медиафраншиза. Осы атпен жарық көрген бірнеше фильм мен комикстер, видео ойындар бар.

Түпнұсқалық фильмдер сериясы

Бұл топқа бір-бірімен сюжет жағынан байланысқан 5 фильм кіреді:

Маймылдар ғаламшары (1968)

Маймылдар ғаламшарының астында (1970)

Маймылдар ғаламшарынан қашу (1971)

Маймылдар ғаламшарын жаулап алу (1972)

Маймылдар ғаламшары үшін шайқас (1973)

Алғашқы картинадағы оқиға ғарышкерлердің Маймылдар ғаламшарына кездейсоқ тап болуынан бастау алады. Әрі қарай, маймылдардың неліктен үстемдікке ие болғаны, адамдар неліктен өз статустарынан айырып қалғаны туралы баяндалады.

Теленұсқалар

Маймылдар ғаламшары (1974).

Сериалды жоғарыда тізімделген бес фильмнің оқиғаларына басқаша көзқарас деп қарастыруға болады. Олардың жалғасы да емес, кеңейтілген нұсқасы да емес. Маймылдар ғаламшарына оралу (1976)

Франшизадағы жалғыз анимациялық нұсқа. Мультсериал осыған дейінгі барлық бөлімдердің гибриді іспеттес болып кетті. 13 эпизодтан кейін көрсетілімі тоқтатылды.

Жаңа кезеңнің фильмдері

2011 жылдан бастап франшиза қайта жаңғырды. «Маймылдар ғаламшарының көтерілісінен» бастау алған серияны «Жаңа кезең» деп атауға болады.

Мұнда Цезарь есімді маймылдың тұлғасына ерекше көңіл бөлінеді: оның өсіп-жетілуі, адамдарға көзқарасын өзгертуге себеп болған жағдайлар, ақыры маймылдардан қол жинап адамзатқа қарсы көтеріліс ұйымдастыруы.

Маймылдар ғаламшарының көтерілісі (2011)

Маймылдар ғаламшарының таңы (2014) Маймылдар ғаламшары үшін соғыс (2017)

Маймылдар ғаламшарының патшалығы (2024)

Сілтемелер

Dale Winogura "Special Planet of the Apes Series Issue – Interviews & Set Visit" 1972 жыл

Санат:Медиа франшизалар