Геннадий Адольфович Кернес (; 27 маусым 1959 жыл, Харьков – 16 желтоқсан 2020 жыл, Берлин) — украиндық саясаткер, 2010 жылғы 24 қарашадан 2020 жылғы 16 желтоқсандағы өліміне дейін Харьков мэрі. Бұрын Кернес Харьков қалалық кеңесінің төрағасы (2002, 2006 – 2010) болған.

Ерте жылдары Кернес еврейлер отбасында Харьковте дүниеге келген. Әкесі — Адольф Лазаревич Кернес, анасы — Анна Абрамовна.

Кернес Ярослав Мудрый атындағы Ұлттық заң университетін заңгер мамандығына, Харьков ұлттық экономика университетін мемлекеттік басқару мамандығына тәмамдаған. Ол еңбек жолын 1977 жылы Харьковтегі «Світло шахтаря» («Шахтёр жарығы») зауытында бастады. 1977 жылдан 1979 жылға дейін Кернес Харьковте механика үйренді.

Кәсіпкер мансабы 1979 жылдан 1990 жылға дейін Кернес түрлі кәсіпкерлікте жұмыс істеді. Ресми өмірбаянынша, Кернестің мансабы 1977 жылы басталды. Кернес 1992 жылдан 1994 жылға дейін Acceptor өндіріс және сауда компаниясына басшылық етті. Ол кейін 1999 жылға дейін CJSC NPK-Holding төрағасы болды. 2001 жылға дейін Кернес Украина Газы Сауда Үйі директорының орынбасары болатын. Ол кейін 2006 жылға дейін NPK-Holding-ға басшылық етті.

Кернестің ұрлық пен алаяқтық айыбы бойынша сотталғаны бар. Кернес сөзінше айыптардың «бөлігін» «жаулары» ойдан шығарған.

Саяси мансабы 1998 жылы Кернес Харьков қалалық кеңесіне сайланды да, сол жерде үш мерзім қызмет етті. 2002 жылғы сәуірден мамырға дейін ол Харьков қалалық кеңесінің төрағасы болды. Кеңесте ол «Жаңа Харьков — Жаңа мүмкіндіктер» партиясыз депутаттар тобын құрған болатын.

нобай|солға|Кернес, 2008 жыл

нобай|оңға|Кернестің Харьков мэрлігіне келгені, 2010 жыл

2004 жылғы қарашада ол Қызғылт сары төңкерісті қолдады. Ол кейін облыстық губернатор Евгений Кушнарёвтің әрекеттеріне қарсы шықты. 2006 жылы Кернес Харьков қалалық кеңесіне Аймақтар партиясы атынан партия мүшесі ретінде сайланды. 2006 жылғы сәуірде ол кеңес төрағасы атанды.

2010 жылғы Михаил Добкиннің аймақтық әкімшілік басшысы болып тағайындалуына дейін Кернес қала кеңесінің төрағасы, Харьков мэрі міндетін атқарушысы (наурыз 2010 – 24 қараша 2010) болып көрген. 2010 жылы ол Аймақтар партиясы атынан Харьков мэрлігіне өзін ұсынды. Қазан айында ол дауыстың кішігірім, даулы айырмышылығы көмегімен мэр атанды. 2010 жылғы 24 қарашада ол ант беріп, сол жылғы желтоқсанда лауазымға келді.

2014 жылғы қаңтарда Кернес өз жалақысын 25%-ға көтерді.

Кернес аса ресейшіл болғаны және Украина президенті Виктор Януковичті қолдағаны үшін белгілі болды. 2013 мен 2014 жылдар аралығындағы Януковичке қарсы Еуромайдан барысында Кернеске Антимайданды ұйымдастырды, титушки қызметтерін қолданды деген айып тағылды.

Намыс төңкерісі барысында Кернес пен Харьков облысының губернаторы Добкин Ресейге қашты. Кернеске Еуромайданға қатысқандарды ұрлап әкетіп, қинаған деген айып тағылды да, ол үй қамаққа түсті. 2014 жылғы 30 шілдеде «айыпталушы денсаулығының аса нашар болғаны» себебінен сот ісі тоқтады. Төңкерістен кейінгі әкімшілік 2014 жылғы ақпанда Кернеске сепаратизм жасады деген айып тақты. Алайда кейін оның ұстанымын «жұмсартқаны» хабарланды, енді Кернес Киевтей Украина егемендігін қолдайтын болды делінді. 2014 жылғы наурызда ол «Янукович үкіметінің тұтқыны болдым» деді, Яценюк үкіметіне үмітін білдірді.

Қастандық және қайта сайлануы нобай|солға|Солдан оңға қарай: Сергей Чернов, Кернес пен Михаил Добкин

2014 жылғы 28 сәуірде белгісіз адам Кернестің арқасына мерген винтовкасымен бір мәрте атты.

Жарақат Кернестің өміріне қауіп төндірді, алайда жедел жәрдем Кернесті тыныштыра алды. Келесі күні ол емделсін деп Израильге жіберілді. Емделуі кезінде ол жаңадан сайланған президент Пётр Порошенкомен бірге жұмыс істеймін деді. 2014 жылғы 12 тамызда ол «Өтінемін, халайық, осыны естеріңе алыңдар — Харьков бірыңғай және бөлінбейтін Украинаның бөлігі болған, болып келеді және одан әрі де болады» деді. 2014 жылғы 17 маусымда Кернес Харьковқа оралды. Оқиғадан кейін ол мүгедектер арбашасын қолданып жүрді.Kharkivs Current Mayor Gennadiy Kernes Center Sitting Wheelchair

2015 жылғы қазанда Кернес Жандану партиясының атынан Харьков мэрі болып қайта сайланды.

нобай|оңға|Кернес, 2020 жыл

2019 жылғы 2 маусымда Харьковте Істерге сен партиясының құрушы мәслихаты өтті. Екі қатар төраға ретінде Харьков мэрі Кернес пен Одесса мэрі Геннадий Труханов атанды.

2019 жылғы парламент сайлауы кезінде ол Бейбітшілік және даму партиясы партиялық тізіміндегі ТОП-10-ға кірді. Ол, алайда, Верховна Радаға түсе алмады.

2020 жылғы маусымда Кернес Харьков мэрлігіне Кернес блогі — Сәтті Харьков жаңа партиясы атынан өзін ұсынғанын хабарлады.

Өлімі Кернес халыққа соңғы рет 2020 жылғы 23 тамызда, Харьков күніне орай шықты. 15 қыркүйекте Харьков қалалық кеңесі Кернес «COVID-19-бен ауырып, комаға түсті» деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның сырқап, жұмыстан уақытша кеткені хабарланды.

2020 жылғы 17 қыркүйекте COVID-19 ауруынан емделсін деп Кернес Германияның Берлин қаласындағы Шарите аурухана-университетіне жеткізілді. Осыдан кейін Кернес халық алдында шығып көрмеді.

нобай|солға|Харьков опера және балет театрындағы Кернесті жерлеу рәсімі

Кернес 2020 жылғы 25 қазандағы жергілікті сайлауда жалпы дауыстың 60.34% жинап, Харьков мэрі болып қайта сайланды. Сайлау нәтижесі шыққанда партиясы Кернес жуырда Харьковқа оралып, мэрлігін жалғастырады деді. 2020 жылғы 9 желтоқсанда Кернестің қатысуынсыз Харьков қалалық кеңесі оның өкілеттігін салтанатты түрде бастап жіберді. Екі күннен кейін Кернес бүйрек жеткіліксіздігіне шалдықты. Харьков қалалық кеңесінің Жұртшылықпен байланыс департаменті оған қарамастан Кернес «өкілеттігін орындай алатын болады» деп хабарлады.

2020 жылғы 17 желтоқсанда Харьков қалалық кеңесі мен Кернестің досы Павел Фукс Кернестің Берлинде COVID-19 себебінен қайтыс болғанын растады. Осы күні Харьковте үшкүндік аза тұту мерзімі жарияланды, мереке концерттер мен спорт іс-шаралары өтпейтін болды. 18 желтоқсанда бұл мерзім бір күнге дейін қысқартылды.

2020 жылғы 23 желтоқсанда Кернес жерленді. Оның жерлену рәсімі Благовещение соборында өтті, оған Украин православ шіркеуінің патриархы Онуфрий басшылық етті.

Өз өмірі Кернестің тұңғыш әйелі Оксана Василенко болды, олар 1985 жылы ажырасты. Оның екінші әйелі Оксана (туғанында Гайсинская) болды. Кернес үш баланың әкесі еді, олардың арасында Гайсинскаяның бұрынғы некесінен бір ұлы болды. 2003 жылғы қаңтарда Оксана полиция департаментіне «Кернес мені жарақаттады» деген хабармен шағымданды. Көп ұзамай Харьков биллбордтарында «Оксана, кешірші!» жазуы шықты.

Кернес 27 иттің, түрлі құстың және басқа да жануардың иесі болған. 2007 жылдан бері ол Харьков қонақ үйінде тұратын. The New York Times Кернестің Instagram парақшасын «бірқилы» деді. Бір жазбасында Кернес «бүкіл мэр арасынан менің Instagram парақшам — үздік» деді. Ол салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін белгілі еді.

1998 жылы танысқанынан бері Кернес саясаткер Михаил Добкиннің жақсы досы болатын. 2007 жылы тараған Кернестің Добкинге нұсқау берген видеосы (балағат сөздері бар) Украинада танымал болды, түрлі интернет-мемге айналды.

Үкімет сұранысы бойынша 2016 жылғы қазанда шенеуніктер байлығын декларациялауға тиіс болды. Кернес $1.6 миллионнан астам бағамы бар қағаз ақшаға иемін деді.

Марапаттары Кернес марапаттары арасында: III дәрежелі Қызметі үшін ордені (5 шілде 2012) бар.

Дереккөздер

Санат:Харьков 2-қалалық зиратында жерленгендер Санат:Ярослав Мудрый атындағы Ұлттық заң университеті түлектері Санат:Харьков ұлттық экономика университеті түлектері Санат:Ғылым кандидаттары Санат:Аймақтар партиясы мүшелері Санат:«Оппозициялық блок» партиясы мүшелері Санат:Антимайданға қатысқандар Санат:Харьков басшылары Санат:Харьков қалалық кеңесі депутаттары Санат:Харьков құрметті азаматтары Санат:Украина тұтқындары Санат:Жарақаттан кейін жаны кеткендер Санат:COVID-19-дан Германияда қайтыс болғандар Санат:Қызғылт сары төңкеріске қатысқандар