right|200px Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттары () — Қырғызстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды мадақтаудың және олардың мемлекет пен демократиялық қоғамды қорғау мен нығайтуға, халық бірлігін, елдің экономикалық, зияткерлік және рухани әлеуетін арттыруға қосқан үлесін, сондай-ақ мемлекет пен халық алдындағы әлеуметтік, гуманитарлық, қайырымдылық және басқа да қызмет түрлеріндегі сіңірген еңбегін мойындаудың жоғары нысаны.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен Қырғызстан Республикасының азаматтары, Қырғызстан Республикасының заңды тұлғалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері, сондай-ақ Қырғызстан Республикасының алдында сіңірген еңбектері үшін шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекеттердің заңды тұлғалары марапатталады.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттары: Қырғызстан Республикасының «Қырғызстан Республикасының Батыры» атағының жоғары дәрежесі, Қырғызстан Республикасының ордендері, медалдары және Мақтау қағазы.

Мемлекеттік марапаттармен марапаттауды және құрметті атақтар беруді Қырғызстан Республикасының Президенті құрметті атақпен марапаттау немесе беру туралы жарлық шығару арқылы, одан кейін мемлекеттік марапаттарды немесе құрметті атақтарға арналған құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырады.

Марапатталушыға мемлекеттік марапат және марапатты куәландыратын құжат тапсырылады. Құрметті атаққа ие болған адамға құрметті атақ берілгенін куәландыратын құжат ұсынылады.

Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарының түрлері Мемлекеттік марапаттың суретіМарапаттың атауы мен тағайындау күні (дереккөзі).Мемлекеттік марапат туралы ереже және мемлекеттік марапат белгісінің сипаттамасы225x225pxЖоғары дәрежелі ерекшелік үшін "Ак-Шумкар" арнайы белгісі«Кыргыз Республикасынын Баатыры» Қырғызстан Республикасының ең жоғарғы дәрежесі

Қырғызстан Республикасының 16.04.1996 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» №11 Заңы.Қырғызстан Республикасының «Кыргыз Республикасынын Баатыры» ең жоғарғы дәрежесі азаматтарға Қырғызстан Республикасының бостандығы, тәуелсіздігі және гүлденуі жолында атқарған ерліктері үшін мемлекет пен қоғам алдындағы ерекше қызметтері үшін беріледі.

«Кыргыз Республикасынын Баатыры» жоғары ерекшелік дәрежесі «Ак Шумкар» арнайы белгісін және тиісті куәлікті тапсырумен бір рет беріледі.

«Ак Шумкар» арнайы белгісі Қырғызстан Республикасының ордендері мен медалдарының үстінде кеуденің сол жағына тағылады.

«Ак Шумкар» арнайы белгісі алтыннан жасалған және диаметрі 40 миллиметрлік шеңберді құрайтын жоғарғы деңгейдегі сегіз сәуледен және диаметрі 30 миллиметрлік шеңберді құрайтын төменгі деңгейдегі он алты сәуледен тұратын симметриялы жұлдызды құрайды.

Жұлдыздың сәулелерінің сұлбасы, қырлары мен пішіні тау шыңдары мен ашылған тау қызғалдақтарына ұқсайды.

Жұлдыздың орталық бөлігінде алқагүлдермен көмкерілген күміс қаптырма бар. Қаптырманың ортасында алтындатылған аяда киелі «Ак Шумкардың» бедерлі бейнесі суреттелген.

Таған тұмар (үшбұрыш пішінді ежелгі қырғыз бойтұмары) түрінде ұсынылған, онда қызыл эмал алаңында шаңырақтың бедерлі суреті орналастырылған.centre|170x170pxI дәрежелі

«Манас» ордені

Қырғызстан Республикасының 16.04.1996 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» №11 Заңы.«Манас» орденімен мемлекет пен халық алдындағы қызметі, Қырғызстан Республикасының гүлденуіне қосқан үлесі, мемлекет пен демократиялық қоғамды, халық бірлігін қорғау мен нығайтуға, елдің экономикалық, рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін беріледі.

«Манас» орденінің 3 дәрежесі бар:

1) I дәрежелі «Манас» ордені;

2) II дәрежелі «Манас» ордені;

3) III дәрежелі «Манас» ордені.

«Манас» ордені кеуденің сол жағында Қырғызстан Республикасының басқа ордендері мен медалдарының алдында тағылады.

I дәрежелі «Манас» ордені екі бөліктен тұрады — диаметрі 60 миллиметрлік алтын сегіз бұрышты жұлдыз және ортасында көк эмалмен жабылған, аспан мен суды өмірдің нышаны ретінде бейнелейтін бір-бірімен өрілген екі шаршыдан тұратын алтын төсем менен күннің нышаны ретінде пайданылған қызыл эмалмен қапталған орталық шеңберден тұрады. Шеңбердің ортасында — желмен желбіреген байрағы бар атқа мініп келе жатқан Манастың алтын бедерлі бейнесі суреттелген.centre|170x170pxII дәрежелі

«Манас» орденіII дәрежелі «Манас» ордені I дәрежеліге ұқсас, бірақ күмістен жасалған. Жапсырманың ортасы, Манас бейнесі және жұлдыз сәулелерінің арасында шеңбер құратын сегіз жапырақ алтынмен қапталған. Алтындалған теңбілдер көк түсті өрілген шаршылардың бұрыштарына қойылды. Көк және қызыл эмал жабыны қалды.centre|170x170pxIII дәрежелі

«Манас» орденіIII дәрежелі «Манас» ордені жеке элементтерді алтын жалатпастан күмістен жасалады. Көк және қызыл эмал жабыны қалды.centre|170x170px«Құрманжан Датқа» ордені

Қырғызстан Республикасының 02.11.2011 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» Қырғызстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жайлы» № 198 Заңы.«Құрманжан Датқа» орденімен қоғамдық-саяси қызметтегі сіңірген еңбегі және еңбек жетістіктері, мемлекетті қорғау мен нығайтуға, халық бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпақты туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет рухында тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін беріледі.

«Құрманжан Датқа» ордені кеуденің сол жағына «Манас» орденінен кейін тағылады.

Құрманжан датқа ордені – тең қабырғалы жетібұрышты күміс табақтың аясындағы жеті бұрышты жұлдызды құрайды.

Жетібұрышты жұлдыз күмістен жасалып, алтын тозаңмен жабылған, сәулелердің ұшында шарлар бар.

Орденнің қапталған орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнегі бар жиекпен көмкерілген қабаттастырылған шеңберде түрлі-түсті эмалмен өңделген көгілдір аспан аясында Құрманжан Датқаның бедерлі бейнесі суреттелген. Қапталған Құрманжан Датқа сұлбасы алтын жалатылған. Жиектің төменгі жағында «Құрманжан Датқа» деген жазу жазылған. Ұлттық ою-өрнек пен «Құрманжан Датқа» жазуы дөңес, алтын жалатылған және түрлі-түсті эмалмен өңделген қою қызыл аяда орналасқан.

Орденнің негізі — ұлттық ою-өрнектермен және цирконий тастармен безендірілген жеті қырлы күміс табақ. Пластинаның ұштарының арасында алтындатылған жеті шоқ сәулелер шығып тұрады.centre|255x255px«Данакер» ордені

Қырғызстан Республикасының 12.11.1999 ж. «Қырғызстан Республикасының «Данакер» орденін тағайындау туралы» № 122 Заңы.«Данакер» орденімен халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі, ұлтаралық келісімді сақтаудағы ерекше жемісті қызметі, ғылым мен елдің экономикалық әлеуетін дамытуға сіңірген еңбегі, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытудағы белсенді қызметі, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

«Данакер» ордені кеуденің сол жағына «Құрманжан Датқа» орденінен кейін тағылады.

«Данакер» ордені күмістен жасалып, диаметрі 42 мм болатын қырық біркелкі таралатын сәулелері бар жұлдыз тәрізді болып келеді. Жұлдыздың сәулелері алтынмен көмкерілген.

Орденнің бет жағында ыстық эмал тәсілімен жасалған көгілдір түсті дөңгелек элементтері бар қырғыз ұлттық ою-өрнегінің бедерлі бейнесі орналасқан күміс дөңгелек болып келеді. Шеңбердің диаметрі 30 мм. Шеңбердің периметрі бойынша жұлдыздың сәулелерімен біріктірілген 40 жарты шар бар.

Шеңбердің ортасына диаметрі 16 мм, көк эмальмен жабылған, ыстық эмаль әдісімен жасалған, жер шарының меридиандарын бейнелейтін жартылай доғалар түріндегі жұқа қалқалары бар бастырма орналастырылған. Бастырманың ортасында «Данакер» бедерлі жазуы жазылған. Шеңбердің тік өсі бойымен жазудың үстінде және астында бедерлі суреттегі жұлдыздар орналасқан. Бастырма күмістен жасалған. Бастырманың шеттері, жұқа қалқалар мен жұлдызшалар алтын жалатылған.

«Данакер» ордені құлақша және үзбе арқылы 33 мм х 23 мм көк қатқыл таспасын созу үшін негіз болатын өлшемі 28 мм х 42 мм тікбұрышты металл тағанмен байланыстырылған.centre|160x160px«Даңқ» ордені

Қырғызстан Республикасының 28.07.2017 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» Қырғызстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жайлы» № 151 Заңы.«Даңқ» орденімен марапатталады: Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін және халықтың әл-ауқатын арттыруға, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал еткен еңбегі үшін; ғылым, білім және денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін; мемлекеттік, қайырымдылық және қоғамдық қызмет саласындағы, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтудағы еңбегі үшін; ұлттық мәдениетті, өнерді, тарихты сақтауға, насихаттауға және дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін; спортты насихаттау, қолдау және танымал ету бойынша еңбегі үшін.

«Даңқ» ордені кеуденің сол жағына «Данакер» орденінен кейін тағылады.

«Даңқ» ордені күмістен жасалған және ұлттық ою-өрнектің бедерлі бейнелері бар біртегіс күміс пластинаның аясындағы салтанаттылықты білдіретін сегізбұрышты жұлдызды құрайды. Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшемі 55 мм.

Орденнің орталық бөлігінде алтынмен қапталған гүлдесте түрінде жасалған, сол жағында лавр жапырағы, оң жағында арша бейнеленген бастырма шеңберді құрайды. Лавр жапырағы абырой мен даңққа, ал арша ұзақ өмірмен байланыстырады. Шеңбердің ортасында «Даңқ» деген жазу жазылған. Жазудың үстінде және астында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Жазу мен ұлттық ою-өрнек элементтері шығыңқы, түрлі-түсті эмалмен жасалған қою қызыл аяда орналасқан.

Орденнің артқы жағында, астында реттік нөмірі жайғастырылған. Орден түйреуішпен бекітіледі.centre|160x160px«Достық» ордені Қырғызстан Республикасының 28.07.2017 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» Қырғызстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жайлы» № 151 Заңы.«Достық» орденімен марапатталады: халықтар арасындағы достық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы, Қырғызстан Республикасының басқа мемлекеттермен жан-жақты ынтымақтастығын нығайтудағы жетістіктері үшін; халықаралық, әлеуметтік, қайырымдылық және гуманитарлық қызметтегі жетістіктері үшін; елдің рухани және зияткерлік әлеуетін дамытуға және арттыруға қосқан жеке үлесі, адам құқықтары мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметі үшін.

«Достық» ордені кеуденің сол жағында «Даңқ» орденінен кейін тағылады.

«Достық» ордені күмістен жасалған және шашыраңқы сәулелер түрінде жасалған дөңес алтыбұрышты жұлдызға ұқсайды. Жұлдыз алтынмен қапталған, сәулелердің қарама-қарсы ұштары арасындағы қашықтық 55 мм.

Орденнің орталық бөлігінде үшбұрышты пішінді ежелгі қырғыз бойтұмары - тұмар түріндегі бастырма орналасқан. Үшбұрыштың қабырғалары 38 мм. Шеттері алтын жалатылған. Тұмардың жоғарғы бөлігінде халықтар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достықты білдіретін «ажыраспау» белгісі, ортасында «Достық» жазуы, төменгі бөлігінде қырғыз ұлттық ою-өрнегі элементтері бейнеленген. Тұмардың барлық элементтері алтынмен қапталған, көгілдір аяда орналасып, көк эмалмен жасалған.

Жұлдыздың алдыңғы жағы ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Жұлдыздың ұштары аралығында көк цирконий тастармен безендірілген алты күміс элемент көрсетілген.

Артқы жағында астында реттік нөмір жайғасқан. Орден түйреуішпен бекітілген.centre|170x170px«Батыр ана» ордені

Қырғызстан Республикасының 16.04.1996 ж. «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік марапаттарын тағайындау туралы» № 11 Заңы.«Батыр ана» орденімен балалардың денсаулығына, біліміне, дене және адамгершілік дамуына тиісті деңгейде қамқорлық жасауды қамтамасыз ететін жеті және одан да көп бала туып, оларды лайықты тәрбиелеген Қырғызстан Республикасының азаматша – аналар марапатталады. «Батыр ана» орденімен марапаттау кезінде балалар да есепке алынады:

1) егер бала заңда белгіленген тәртіппен асырап алынған, асырап алған күннен бастап 3 жылдан астам уақыт өтсе және асырап алынған балалар бірге тұрса;