«Юра кезеңінің саябағы» — Майкл Крайтонның сол аттас романы негізінде Стивен Спилберг түсірген 1993 жылғы блокбастер.
Фильмде Орталық Американың Тынық мұхит жағалауында орналасқан әлдебір аралдағы генетик ғалымдардың көмегімен құрылған динозаврлар мекендейтін сауық-сайран саябағы туралы баяндалады.
Фильм экрандарға 1993 жылдың маусымында шықты. Әлем бойынша 914 миллион доллар жинап, ол Спилбергтің Жатпланеталық фильмінен асып түсті және сол уақыттың ең табысты кинотуындысы атанды. 2013 жылы оның 3D-нұсқасы көрсетіліп, жалпы табысы 1 млрд доллардан асты, сөйтіп ол осы көрсеткіштен асқан ең ескі фильм болып табылады.
Жылдар өте фильм жаңа кинофраншизаның пайда болуына әкелді. Бүгінгі күнге оған жеті фильм, мультсериалдар, видео-ойындар және т.б. кіреді.
2018 жылы «Юра кезеңінің саябағы» АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.
Желісі Джон Хаммонд құрған компания гендік инженерияға сүйеніп, Юра кезеңінде тіршілік еткен көне жануарларды тірілтеді және пайда табу мақсатымен тропикалық аралда жаңа саябақ салады.
Велоцирапторларды тасымалдау барысында олар жұмысшылардың біреуін жеп қояды. Енді саябақтың ресми ашылуына дейін оның қоғамға деген қауіпсіздігін дәлелдеу мақсатымен ішіне арнайы топ адам кіргізіледі.
Сол адамдар брахиозаврлар мен паразауролофтарды көргенде таң қалады, олардың янтарьда табылған москиттерден алынған динозавр қанынан ДНҚ алу нәтижесінде дүниеге келгенін біліп шығады. Дегенмен саябақтың қаншалықты дұрыс бастама болғанына бәрі де әлі күмәнданады. Тираннозавр мекендейтін қорада жазатайым оқиға орын алған соң, адамдардың сол аралда қалуы өте қауіпті мәселеге айналады.
Актёрлер Сэм Нилл — доктор Алан Грант, палеонтолог. Лора Дерн — доктор Элли Сэттлер, палеоботаник, Аланның аспиранты. Джефф Голдблюм — доктор Ян Малкольм, математик. Ричард Аттенборо — Джон Хаммонд, InGen компаниясының бастығы, саябақтың құрылтайшысы. Ариана Ричардс — Лекси Мёрфи, Хаммондтың вегетариан немересі. Джозеф Маццелло — Тимми Мёрфи, Лексидің інісі. Уэйн Найт — Деннис Недри, саябақтың бағдарламалаушысы. Сэмюэл Лерой Джексон — Рэй Арнольд, саябақтың бас инженері. Боб Пек — Роберт Малдун, саятшы, Хаммондтың кеңесшісі. Мартин Ферреро — Дональд Дженнаро, заңгер. Б. Д. Вонг — доктор Генри Ву, саябақтың бас генетигі. Кэмерон Тор — Льюис Доджсон, Хаммондтың бәсекелесі. Джералд Молен — Джерри Хардинг, саябақтағы ветеринар.
Түсірілуі Майкл Крайтон басында шығарманы сценарий ретінде дайындаған болатын. 1990 жылы роман ретінде шығарылғанға дейін-ақ оны экрандауға бірнеше студия таласып, Universal Studios Стивен Спилбергке барлық қажетті құқықтарды 1,5 миллион долларға сатып алуға көмектесті.
Экрандау құқықтарын сатып алуға тырысқандардың ішінде Тим Бёртон, Джо Данте және Джеймс Кэмерон де болған.
Жаңа сценарийді жазуға Майкл Крайтонның өзі шақырылды. Бірақ соңғы нұсқасын Дэвид Кепп жазып бітірді. Ол сценарийге Спилбергтің идеяларын да қосты, мысалы саябаққа келушілерге клондауды түсіндіру үшін анимациялық мистер ДНҚ кейіпкері енгізілді. нобай|солға|Кауаи аралы Қайда түсіретінін ойластыра бастағанда, алғашқыда Коста-Рика немесе Пуэрто-Риконың жерлері қарастырылды. Бірақ Спилберг Гавайидің Кауаи аралы ең жарамды орын болады деп шешкен.
Фильм түсірудің өзі 1992 жылдың 24 тамызында басталды. Түсіру тобы Кауаиде қыркүйектің 11-не дейін болды. Қыркүйектің 15-нен бастап түсіру жұмыстары Калифорнияда жалғасын тапты.
Динозаврларды бейнелеу үшін бірнеше әдіс қолданылды, мысалы аниматроника және CGI. Спилбергтің бұрынғы фильмдеріне арнайы әсерлерді дайындаған Industrial Light & Magic компаниясы осы фильмге де тартылды, олар динозаврлардың цифрлық бейнелерін шығаруға қатысты (Деннис Мьюрен тобы). нобай|Динозаврдың механикалық қаңқасы Майкл Лантьери тобы динозаврлардың қимылдайтын мүсіндерін жасаған. Іші механизмдерден құрылған қаңқаға латекстен жасалған тері киілетін. Латекстің бояуы және кейпі үшін Стэн Уинстон жауап берген. Фил Типпетт түсірудің жаңа go motion тәсілін осы фильмде қолдануды енгізді. Бұл төртеуі өз жұмыстары үшін Оскар сыйлығын иеленді.
Жүлделері Сыйлықтың аты Номинациясы Номинант НәтижесіОскар сыйлығыҮздік визуалды әсерлерДеннис Мьюрен, Стэн Уинстон, Фил Типпетт, Майкл ЛантьериҮздік дыбысГэри Саммерс, Гэри Райдстром, Шон Мерфи, Рон ДжадкинсҮздік дыбыс монтажыГэри Райдстром, Ричард Химнс Сатурн сыйлығыҮздік режиссёрСтивен СпилбергҮздік ғылыми-фантастикалық фильм Jurassic ParkҮздік арнайы әсерлерДеннис Мьюрен, Стэн Уинстон, Фил Типпетт, Майкл ЛантьериҮздік сценарийМайкл Крайтон және Дэвид КеппҮздік актрисаЛора ДернҮздік көмекші актёрДжефф ГолдблюмУэйн НайтҮздік жас дарынДжозеф МаццеллоАриана РичардсҮздік музыкаДжон УильямсҮздік костюмдерЖапония киноакадемиясының сыйлығыҮздік шетел фильмі Jurassic ParkBAFTAҮздік арнайы визуалды әсерлерДеннис Мьюрен, Стэн Уинстон, Фил Типпетт, Майкл ЛантьериҮздік дыбысРичард Химнс, Рон Джадкинс, Гэри Саммерс, Гэри Райдстром, Шон МерфиBMI Film Music AwardBMI Film Music AwardДжон УильямсКөгілдір лентаҮздік шетел фильміСтивен СпилбергБрэм Стокер сыйлығыСценарийМайкл Крайтон, Дэвид КеппЧех арыстаныҮздік шетел фильміСтивен СпилбергГрэммиФильм не телевидение үшін жазылған үздік инструменталды композицияДжон УильямсMTV Movie AwardsҮздік экшн үзіндіТи-Рекстің джипті қуу сәтіҮздік фильм Jurassic ParkҮздік зұлымТи-РексMainichi Film ConcoursҮздік шетел фильміСтивен СпилбергMotion Picture Sound EditorsҮздік дыбыс монтажыPeople's Choice AwardsЕң сүйікті фильм Jurassic ParkЖас Әртіс МарапатыДрамада ойнайтын екінші пландағы үздік актёрДжозеф МаццеллоДрамада ойнайтын үздік актрисаАриана РичардсҮздік отбасылық фильм – Шытырман оқиғалы Jurassic ParkХьюго сыйлығыҮздік драмалық қойылым Jurassic Park Дереккөздер
Санат:Стивен Спилберг фильмдері Санат:Amblin Entertainment фильмдері Санат:Universal Pictures фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері Санат:АҚШ шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Динозаврлар туралы фильмдер Санат:Үздік визуалды әсерлер үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Ұлттық фильмдер регистрі