Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомствосы.

Міндеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысты ұсыныстарды тұжырымдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеруҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Тарихы 1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентiнiң №3935 Жарлығымен Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы департаментi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң Экономикалық полиция департаментiнiң негізінде Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi құрылды. Сол жылы комитет Қаржы министрлiгiнен бөлінген Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрамына кірді.

2001 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің №536 Жарлығымен Мемлекеттік кірістер министрлігінің Салық полициясы комитетінің негізінде Қаржы полициясы агенттігі құрылды.

2003 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің №1255 жарлығымен Қаржы полициясы агенттігіне Ішкі істер министрлігінің экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары беріліп, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы) құрылды.

2005 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 1521 Жарлығымен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік орган болып өзгертілді.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» № 883 Жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі функциялары мен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары беріліп, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.

2015 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып ұйымдастырылды. Министрлік құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды. Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін құру туралы» Жарлығы

2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы агенттік құрылымындағы ведомство мәртебесіне ие болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №12 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылды. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылып, оның құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды. Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Басшылары №Аты-жөніБасқарған уақытыЛауазымы1Болатбек Ақылбайұлы Бұлғақбаев1994 — 1996Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясы жанындағы Салық милициясы (полициясы) басқармасының бастығыПобеды и беды "санитара леса" 2 Берік Мәжитұлы Имашев қыркүйек 1996 — сәуір 1997 Мемлекеттік салық комитеті Салық полициясы басқармасының бастығы 3 Әбдiқалық Зәкiрұлы Нәлiбаев сәуір 1997 — қараша 1997 Қаржы министрлігі Салық полициясы департаментінің директоры 4 Рахат Мұхтарұлы Әлиев қараша 1997 — қазан 1998 Қаржы министрлігі Салық полициясы департаментінің директоры қазан 1998 — қыркүйек 1999 Мемлекеттік кірістер министрлігі Салық полициясы комитетінің төрағасы 5 Сергей Михайлович Кузьменко қыркүйек 1999 — қаңтар 2001 Мемлекеттік кірістер министрлігі Салық полициясы комитетінің төрағасы қаңтар 2001 — 17 қараша 2001Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы6Болатбек Ақылбайұлы Бұлғақбаев17 қараша 2001 — 15 қаңтар 2004Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы15 қаңтар 2004 — 20 наурыз 2004Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы7Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев20 наурыз 2004 — 12 желтоқсан 2008Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы 8Қайрат Пернешұлы Қожамжаров12 желтоқсан 2008 — 20 қаңтар 2012Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы 9Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков20 қаңтар 2012 — 6 тамыз 2014Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы 10 Қайрат Пернешұлы Қожамжаров 6 тамыз 2014 — 11 желтоқсан 2015 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 11 Талғат Советбекұлы Донақов 11 желтоқсан 2015 — 13 қыркүйек 2016 Мемлекеттік қызмет істері министрі 12 Қайрат Пернешұлы Қожамжаров 13 қыркүйек 2016 — 11 желтоқсан 2017 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 13 Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев 11 желтоқсан 2017 — 14 маусым 2019 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 14 маусым 2019 — 16 сәуір 2021Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы14Марат Мұратұлы Ахметжанов16 сәуір 2021 — 25 ақпан 2022Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы15Олжас Абайұлы Бектенов25 ақпан 2022 — 3 сәуір 2023Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы16Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали5 сәуір 2023 — 30 маусым 2025Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы17Нұржан Маратұлы Құсайынов8 шілде 2025 бастапҰлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшылары №Аты-жөніБасқарған уақытыЛауазымы1Қайрат Пернешұлы Қожамжаров11 желтоқсан 2015 — 13 қыркүйек 2016Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы2Талғат Маратұлы Татубаев28 қыркүйек 2016 — 1 маусым 2018Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы3Қайрат Иматұлы Сұнтаев1 маусым 2018 — 14 маусым 2019Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары