Молдован тілі (өз атауы — , лимба молдовеняскэ) — үндіеуропалық отбасының роман тармағының балқан-роман ішкі тобына кіреді, номинативті құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады.
Молдован тілінің өз жеке тілі болғаны, я румын тілінің сөйленісі болғаны даулы. Бұрын ол Молдованың мемлекеттік тілі болатын, алайда Молдова заңнамасы ресми тілін румын тілі деп ауыстырды. Қазіргі таңда молдован тілінің ресми мәртебесі тек Транснистрияның заңнамасында бар.
Референтті халық Референтті халық: молдовандар; өз атауы – молдовень.
Географиялық таралуы Негізінен Молдова, Приднестровьеде қоныстанған. Сөйлеушілер саны: Молдовада 4 миллионнан астам тұрғындар тұрады, оның ішінде 2,66 миллионға жуығы молдован тілінде сөйлейді.
Диалектісі Молдован тілі төрт сөйленіс тобымен ұсынылған: орталық, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс.
Жазуы Молдован жазуы тәуелсіз Молдова мемлекеті құрылғаннан бері (1359) кириллица негізінде пайда болып, дамып келеді. Бұл графика (шамалы үзіліспен − 1932–1939 жылдары латын әліпбиі қолданылды) 1989 жылға дейін қолданылды. Сол кезде молдован тілінің жазуын латын графикасына көшіру туралы шешім қабылданды. Приднестровьеде орыс (кириллица) графикасын қолдануды жалғастыруда.
Дереккөздер
Санат:Молдован тілдері