Чукча тілі — Палеоазиаттық тілдер отбасының, чукот-камчат тілдеріне жатады. Полисинтетикалық (инкорпорациялық) түрі болып табылады.

Референтті халық Референтті халық: чукчалар; өз атауы - бұғышы.

Географиялық таралуы Чукчалардың көпшілігі ауылдарда тұрады және Чукотка автономиялық округінің (бұрынғы Магадан облысының бөлігі) тундрасында көшпелі өмір сүреді. Колыма чукчалары Якутияның Нижнеколым ауданында, Колымское ауылында және аудан орталығында Черский ауылында тұрады. Чукчалардың бір бөлігі Камчатка өлкесінің Олюторск ауданында, бір бөлігі Магаданда қоныстанған.

2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша чукчалардың саны 15 908 адамды құрап, олардың 5 095-і чукча тілінде сөйлеген.

Диалектісі Чукча тілі Приморский чукчасының шығыс (уэлен) диалектісінен, батыс (колыма) диалектісінен және оңтүстік диалектілер тобынан (энликей, хатыр, нунлигран, т.б.) тұрады. Түрлі диалектілерде сөйлейтіндер бір-бірін жақсы түсінеді.

Жазуы 1931 жылы латын әліпбиіне, ал 1936 жылы орыс графикасына негізделген әліпби жасалды.

Қазіргі чукча әліпбиі: А аБ бВ вГ гД дЕ еЁ ёЖ жЗ зИ иЙ йК кӃ ӄЛ лԒ ԓМ мН нӇ ӈО оП пР рС сТ тУ уФ фХ хЦ цЧ чШ шЩ щЪ ъЫ ыЬ ьЭ эЮ юЯ яʼ

Дереккөздер

Санат:Ресей тілдері