Эрзяша Уикипедия () — эрзя тіліндегі Уикипедия бөлімі. 2008 жылғы 26 мамырда негізделген.

Қазіргі таңда Эрзяша Уикипедияда мақала бар және осылайша ол — мақала саны бойынша Уикипедияның -орындағы бөлімі.

Тарихы Жобаның құрылуын 2007 жылғы шілдеде мәскеулік Орысша Уикипедия қатысушысы Андрей Суриков ұсынған. Үлес қосуға ынта танытқан тағы Финляндияда эрзя тілін оқытқан америкалық тілтанушы Джек Рютер, санкт-петербургтік журналист Андрей Петров (Петрянь Андю) пен ульяновскілік бағдарламашы-инженер Михаил Степченко болған.

2008 жылғы 19 ақпанда Уикипедияның Тіл комитеті Эрзяша Уикипедияны «сәтті жоба» деп бағалады, талаптарға сай деді. Келесі 4 ай бойы жобаны инкубатордан жеке бөлімге көшірту, мақалаларын итексеру жұмыстары жүрді. 26 мамырда жоба myv.wikipedia.org мекенжайында ресми түрде орнады. Дәл сол күні, оған қоса, Мокшаша мен Сахаша Уикипедиялар құрылған болатын.:Wikimedia:Incubator:Incubator:Site creation log#2008

Уикипедияның эрзя бөліміндегі администраторлары болып Джек Рютер, Петрянь Андю мен Михаил Степченко атанды.

2015 жылғы 16 мамырда Эрзяша Уикипедиядағы мақала саны 2 000-ға, 2017 жылғы 11 қазанда 4 000-ға жетті.

2020 жылғы 6 мамырда бөлімде 6 000-мақала жарық көрді. Фин-угор тілді Уикипедиялар арасында ол сол кезде 8-орында болды (Финше, Мажарша, Эстонша, Таулымариша, Шалғынмарише, Солтүстіксаамша, Вепсше Уикипедиялардан кейін).

Дереккөздер

Санат:Уикипедия бөлімдері Санат:Фин-угор тілді Уикипедиялар Санат:Эрзя тілі Санат:2008 жылы пайда болған сайттар