«Буньян уль-Марсус» операциясы — Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің ушығуы аясында 2025 жылғы 10 мамырда Пәкістан тарапы бастаған ауқымды әскери операция. Бұл операция Үндістан жүзеге асырған «Синдур» операциясынан кейін басталды.

Барысы 2025 жылғы 10 мамырда Пәкістан қарулы күштері Үндістанның бірнеше әскери базасына, соның ішінде елдің солтүстігіндегі зымыран қоймаларына соққы жасады. Бұған дейін Үндістан Исламабад маңындағы әуе базаларды қоса алғанда, Пәкістанның үш әуе базасына зымыран соққысын жасаған, алайда Пәкістанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бұл зымырандардың бірқатарын тосып қалғаны хабарланды.

Дереккөздер

Санат:2025 жылғы қақтығыстар