Крин Антонеску (; 1959, 21 қыркүйек, Тулча, Румыния) — румын саясаткері және мемлекеттік қайраткер. 2009–2014 жылдар аралығында Румыния Ұлттық либералдық партиясының төрағасы, 2012–2014 жылдары Румыния Сенатының төрағасы қызметтерін атқарған. 2025 жылғы президенттік сайлауға кандидат.
Өмірбаяны 1959 жылғы 21 қыркүйекте Тулча қаласында дүниеге келген.
Білімі 1985 жылы Бухарест университетінің тарих факультетін тәмамдаған. Оқуды аяқтаған соң тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1989–1990 жылдар аралығында Тулча тарих және археология мұражайында куратор қызметін атқарған.
Саяси қызметі 1996 жылдан 2008 жылға дейін Румыния Парламентінің Төменгі палатасының мүшесі болды. 2008 жылғы парламенттік сайлауда Бухаресттен Румыния Сенатының депутаты болып сайланды. 2008 жылғы 16 желтоқсанда Сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, бұл лауазымды 2009 жылғы 30 тамызға дейін атқарды. Крин Антонеску 2009 жылғы президенттік сайлауға қатысып, 20,02% дауыс жинап, үшінші орын алды. Сайлаудың екінші кезеңінде Социал-демократиялық партия кандидаты Мирча Джоанэны қолдады.
2011 жылғы 5 ақпанда Румынияның Ұлттық либералдық партиясы социал-демократтар мен консерваторлармен коалиция құрды. 2012 жылғы мамырда социал-демократтар жетекшісі Виктор Понта Румынияның Премьер-министрі болып сайланды.
2012 жылғы 3 шілдеде Крин Антонеску Румыния Сенатының төрағасы болып сайланды.Новым председателем румынского Сената избран Крин Антонеску // 3 июля 2012 2012 жылғы 6 шілдеде Румыния Парламенті Президент Траян Бэсескуге импичмент жариялау туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты Крин Антонеску Румыния Президентінің міндетін атқарушы қызметіне кірісті.Крин Антонеску назначен временно и. о. Президента Румынии // 6 июля 2012 Алайда 21 тамызда Румыния Конституциялық соты импичмент бойынша өткен референдумды жарамсыз деп танып, Бэсескуге өз қызметіне қайта оралу құқығын берді. 2014 жылдан кейін Антонеску саясаттан біртіндеп кетіп, 2015 жылғы ақпан айының соңында соңғы саяси лауазымынан отставкаға кетті.
Саясатқа қайта оралуы 2025 жылғы президенттік сайлауда Антонеску «Румыния алға» атты сайлау альянсы аясында қазіргі үкімет коалициясының (СДП, ҰЛП және РВДО) бірыңғай кандидаты ретінде ұсынылды. Бұл шешім 2024 жылғы жойылған президенттік сайлаудан кейін қабылданды, онда аталған үш партияның кандидаттары екінші турға өте алмай, ультраоңшыл кандидат Джорджеску мен либерал Ласкониден жеңілген болатын.
Дереккөздер
Санат:Румыния саясаткерлері Санат:Бухарест университетінің түлектері Санат:Румыния Депутаттар палатасының мүшелері (1996–2000) Санат:Румыния Депутаттар палатасының мүшелері (2000–2004) Санат:Румыния Депутаттар палатасының мүшелері (2004–2008) Санат:Румыния Сенаторлары (2008–2012) Санат:Румыния Сенаторлары (2012–2016) Санат:Румыния Сенатының төрағалары Санат:Румыния Президентінің міндетін атқарушылар Санат:Румыния мемлекеттік қайраткерлері Санат:Румыния тұлғалары