Сұлтан Селим Явуз көпірі (Сұлтан Селим Грозный көпірі) — Босфор бұғазы арқылы өтетін үшінші көпір. Ыстанбұлдың солтүстігінде орналасқан. Көпір Осман сұлтаны I Селим Явуздың (Грозныйдың; 1512–1520) құрметіне аталған.

Көпірдің құрылысы 2013 жылғы мамырда басталып, 2016 жылғы наурызда аяқталды. Көлік қозғалысы 2016 жылғы 26 тамызда ашылды. Көпір салынып жатқан Солтүстік Мармара айналма жолының бір бөлігі болып табылады. Көпірдің ерекшелігі – аралас құрылымында: жол төсемінің бір бөлігі ванталармен, бір бөлігі ванталар мен тростармен тірелген, ал басты аралықтың ортасы тростарға ілінген. Көпір әлемдегі ең кең аспалы көпір болып табылады. Автомобиль қозғалыс жолағы – әр бағытта 4-тен (жалпы 8), сондай-ақ екі теміржол жолы бар. Пилондардың биіктігі (322 м) де рекордтық көрсеткіш болып табылады, бұл әлемдегі биіктігі бойынша 5-ші көпір.

Көпірдің инженерлік тұжырымдамасының авторлары – француз конструкторы Мишель Вирложё және швейцариялық T-Ingénierie компаниясы. Көпір құрылысына шамамен 230 мың м³ бетон және 28 мың тонна трос жұмсалды; жалпы құны шамамен 3 миллиард долларды құрады.

Дереккөздер

Санат:Темірбетон көпірлер Санат:Түркиядағы вантты көпірлер Санат:Түркиядағы аспалы көпірлер Санат:Түркиядағы ақылы көпірлер Санат:Ыстанбұлдағы көпірлер Санат:Босфор