Қырғызстан Қарулы күштерінің Бас штабы () — Қырғызстан Қарулы күштерінің штабы.
Бас штаб төрағасын Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы болып келетін Қырғызстан президенті тағайындайды. Бас штабтың қазіргі төрағасы — генерал-майор Эрлис Тердікбаев.
2014–2021 жылдары Бас штаб төрағасы Жоғарғы бас қолбасшыдан кейінгі бүкіл армияның басшысы еді. Бас штабтың қазіргі құрамына Қырғызстан Құрлық әскерлері, Қырғызстан Әскери-әуе күштері, Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі және Қырғызстан Ұлттық ұланының басшылары кіреді. Бас штабтың штаб-пәтері Бішкектің Яков Логвиненко көшесінің 26-үйінде орналасқан.
Жалпы ақпарат Бас штаб төрағасын/төрайымын Қырғызстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы болып келетін Қырғызстан президенті тағайындайды. Бас штаб басшысы генерал-майор атағына ие. Бас штаб — армияның дайындығын қадағалайтын басты ұйымдастырушы және атқарушы орган. 2014 жылдан 2021 жылға дейін ол қорғаныс министрлігінің эквиваленті болған Қорғаныс істерінің мемлекеттік комитетінен де жоғары еді. 2014 жылғы ақпанда бас штаб бүкіл армияға жауапты болды, оған біраз өкілеттік берілді де, Қорғаныс істерінің мемлекеттік комитеті осылайша көбіне салтанатты рөлге ие болды. 2021 жылғы ақпанда бұл өзгеріс жоққа шығарылды да, Бас штаб қайта Министрлікке бағынатын болды.
Төрағалар тізімі
№СуретіАты-жөні Қызметі199pxФеликс Құлов10 желтоқсан199319951–2 жыл299pxГенерал-майорЕсен Топаев1995қазан19993–4 жыл399pxГенерал-майорҚуанышбай Тінәлиев200320040–1 жыл499pxГенерал-майорМэлс Бекбаевтамыз2004ақпан20061 жыл, 6 ай599pxГенерал-майорБорис Югай14 наурыз200724 маусым20081 жыл, 3 ай699pxГенерал-майорӘбібіллә Құдайбердиевқараша2009шілде20108 ай799pxГенерал-майорТалайбек Өмірәлиевшілде201026 желтоқсан20111 жыл, 5 ай899pxГенерал-майорІлиясбек Сұбанқұлов18 қаңтар20126 ақпан20142 жыл, 19 күн999pxГенерал-майорАсанбек Әлімқожаев6 ақпан20145 қараша20151 жыл, 272 күн1099pxГенерал-майорЖәнібек Қапаров5 қараша201511 мамыр2016188 күн1199pxГенерал-майорРайымберді Дүйсенбиев11 мамыр20169 қазан2020188 күн1299pxГенерал-майорТалайбек Өмірәлиев9 қазан202029 наурыз2021171 күн13Генерал-майорЭрлис Тердікбаев29 наурыз2021——
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан жауынгерлік құралымдары Санат:Қырғызстан Қарулы күштері