Мұхтар Әуезов ескерткіш-мүсіні – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі (Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының шаршысы).
Сипаты Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың ескерткіш-мүсіні Опера және балет театры скверіне 1967 жылы қойылды. Ашылу салтанатына жазушылар С. Мұқанов, Ғ.М. Мүсірепов, Л.С. Соболев, т.б. қатысты. Мүсінші – Т.С. Досмағамбетов, сәулетші – М. Меңдіқұлов. Биіктігі – 6 м. Мүсін шойыннан құйылған. Тұғыры сұр граниттен тік бұрышты үлгімен қашалған. Төсектасы баспалдақты етіп жасалды. Жазушы мүсіндік-портретте белден жоғары тұлғаланған.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті