Аджария дағдарысы (, ach'aris k'rizisi), кейде Аджария төңкерісі, Екінші Раушан төңкерісі — Грузияның Аджария автономиясында болған саяси дағдарыс. Дағдарыс 2003 жылғы қарашадағы Эдуард Шеварднадзенің биліктен қуылуы мен Аджария аймақтық басшысы Аслан Абашидзенің сол себептен Грузия үкіметіне бағынбағанынан басталды. Екі жақ шекарасының милитаризацияланған себебінен бұл саяси дағдарыс қарулы қақтығысқа айнала жаздады. Жаңадан қызметке келген Грузия президенті Михаил Саакашвили аджариялық оппозицияшылармен бірге бұл дағдарысты қантөгіссіз шешті де, Аслан Абашидзе Ресейге қашты. Оның ізбасары Леван Варшаломидзе болды.
Шиеленіс Раушан төңкерісіне аса қарсы болған Аджария басшысы Аслан Абашидзе 2003 жылғы 23 қарашадағы Эдуард Шеварднадзенің қуылуынан кейін аймақта төтенше жағдай жариялады. Орталық әкімішілікпен келіссөз нәтижесінде төтенше жағдай 3 қаңтарда, 2004 жылғы президент сайлауына бір күн қалғанда, тоқтай тұрды. 7 қаңтарда ол қайта орнады да, аймақтық үкімет оппозициялық наразыларға қарсы қысым көрсетіп кетті. 19 қаңтардағы наразылар мен полиция арасындағы қақтығыстар нәтижесінде оңтүстік аджариялық Гонио ауылында бірнеше ондық адам жарақат алды. Наразылар Аслан Абашидзенің отставкасын талап еткен еді. Абашидзенің Мәскеуге сапары барысында Ресей Сыртқы істер министрлігі Абашидзені қолдайтын, наразыларды «экстремистік күштер» дейтін хабар жазды. Қаңтар соңына қарай, Батумиде грузиялық шенеуніктер, соның ішінде Грузия президенті міндетін атқарушысы Нино Буджанадзе мен жаңадан сайланған президент Михаил Саакашвили Абашидземен кездесті.
Батумиде болған наразылық шараларына жауап ретінде 20 ақпанда полиция оппозицияшылар кеңселеріне тағы басып кірді. Абашидзе қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қақтығыстар Кобулетиде де орын алды. Бұл наразылық шаралары Еуропа кеңесі бас хатшысы Вальтер Швиммердің Батумиге сапарымен тура келді. Швиммер Абашидземен кездесуге келген болатын. Президент Саакашвили Аджария Қорғаныс министрлігінің ыдырауын талап етті. Бұл министрлік Абашидзенің наразыларға қарсы басты қаруы еді.
Чолоки көпірі thumb|left|Чолоки үстіндегі бұзылған көпір, 2004 жылғы мамыр
14 наурызда жағдай шиеленісіп кетті; Грузия үкіметі Абашидзенің Мәскеуде болғанын қолданып, 28 наурызда өтпек парламент сайлауына орай сайлауалды кампаниясын өткізбек болды. Алайда Абашидзені қолдайтын қарулы топтар Аджарияға жол болған Чолоки көпірін жауып тастады. Саакашвили мен басқа шенеуніктердің республикаға жолы осылайша қолжетімсіз болды. Аджария әкімшілігі Саакашвили әскери төңкеріс жасамақ болды деді.
Бұған жауап ретінде Грузия орталық әкімшілігі Аджарияға қарсы экономиялық санкция салды. Саакашвили мен Абашидзенің 18 наурыздағы кездесуінен кейін санкциялар жоқ болды да, Тбилиси мен Батуми арасындағы жағдай бәсеңдеді. Аджариядағы қарулы күштердің демилитаризациялануы, саяси тұтқындардың босатылуы, Батуми кемежайының бөлінуі, сайлауалды кампанияларының еркін жүруі бар келісім орнады. Алайда сәуір айында Абашидзе демилитаризациялаудан бас тартты. 19–21 сәуір күндері батумилік офицерлер Роман Думбадзе мен Мурад Цинцадзе орталық әкімшілікке енді бағынбайтынын жариялады. 24 сәуірде Аджария Сенаты Абашидзе ұсынған коменданттық сағатты бекітті. Алайда, Грузия үкіметінің хабарлауынша, Аджарияның ондаған әскери бөлімдері Абашидзенің орнына орталық әкімшілікке бағынбақ болды да, аймақтан кетті. Көп ұзамай Аджария шенеуніктерінің бірнешеуі де сөйтті. Жергілікті халық наразылық шараларын жалғастыра берді де, 30 сәуірде үлкен соққы көрді.
Сәуір айының соңында Грузия Қара теңіз маңындағы Поти қаласының жаңында өзінің ең үлкен әскери дайындығын жүргізді. Шиеленіс сәтінде Грузия осылайша шекара маңында өз әскери күшін көрсетті. Жауап ретінде аджариялық әскерилер Аджария мен қалған Грузияны қосатын, Чолокидің үстінен өтетін екі басты көпірді бұзды. 3 мамырда АҚШ мемлекеттік департаменті Абашидзе әрекеттерін сынға алды да, Аджарияның қарусыздануын талап етті.
Аджария төңкерісі нобай|оңға|Басшы Аслан Абашидзе, 2002 жыл
4 мамырда Батумидегі ірі наразылық акциясына жергілікті қауіпсіздік күштері аса қатты соққы берді. Ондаған наразылардың жарақат алғаны хабарланды. Бейбіт наразыларға көрсетілген күшке жауап ретінде сол күні кешке одан да үлкен акция жүрді. Бүкіл Аджариядан жиналған ондаған мың наразылар Абашидзенің отставкасын талап етіп, Батумиге жол алды. 5 мамырда Грузия премьер-министрі Зураб Жвания мен Грузия ішкі істер министрі Георгий Барамидзе Чолоки өзенінен өтті де, Аджария ішкі істер министрі Джемал Гогитидземен келіссөз жүргізді. Қауіпсіздікке кепілдік алған Гогитидзе келісім бойынша шекарадан қарулы күштерін алып тастады. Көп ұзамай жергілікті наразылар Батумидің орталығын басып алды. Абашидзешіл күштерді әлсіздеу мақсатымен Грузия әскерилері де қақтығысқа араласты. Абашидзенің өкілеттігі осылайша аса әлсіреді. Көп ұзамай сол күні Батумиге Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов та келді. Түнде, Ивановпен бірге орын алған келіссөздерден кейін Абашидзе отставкасын жариялады да, Мәскеуге жол алды.
Абашидзе кетуінен көп ұзамай Саакашвили Аджарияға жол алды да, 6 мамырда, таң атпай тойлап жатқан аджариялықтармен көрісті. «Аслан қашты да, Аджария азат болды» деген Саакашвили Әулие Георгий күні грузиялықтарды «елдегі екінші қансыз төңкеріспен» құттықтады. Президент Саакашвили, оған қоса, Абашидзе отставкасы елге «өркендеу әкеледі», «Грузияның толыққанды территориялық түгелдігіне» жол береді деді.
7 мамырда Аджария үстінен тікелей президенттік өкілеттік түсті де, аймақтағы кезектен тыс сайлауға дейін оны басқаратын 20 адамнан тұратын Өтпелі Кеңес құрылды. Леван Варшаломидзе Аджария үкіметінің төрағасы болып тағайындалды. 20 маусымда аймақтық парламент сайлауы өтті. Саакашвили қолдаған Жеңген Аджария партиясы 30 мандаты бар кеңесте 28 мандат жеңіп алды. Қалған екі мандатқа Саакашвилидің бұрынғы одақтастары, Республикалық партия мүшелері ие болды; олар жалпы дауыстың 15%-нан азын алған еді. 20 шілдеде Аджария Жоғарғы Кеңесі Варшаломидзені Үкімет басшысы ретінде бекітті. Ол бұл лауазымға 2012 жылға дейін ие болды.
Дереккөздер
Санат:Михаил Саакашвили Санат:2003 жылдағы Грузия Санат:2004 жылдағы Грузия Санат:Грузия-Ресей қатынастары Санат:Грузиядағы қақтығыстар Санат:Аджария тарихы Санат:Раушан төңкерісі