Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов (12 мамыр 1979 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, 2025 жылғы наурыздан бергі Қазақстан Энергетика министрі.

Білімі Ақкенженов «Әділет» жоғары құқық мектебін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, «Астана» университетін мұнай-газ ісі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы Ақкенденов еңбек жолын 2002 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас маманы ретінде бастаған.

2003 жылы ол «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас менеджері, 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2004-2006 жылы ол «Chevron Texaco Global Trading «Қылыш» бағдараламасы бойынша шикі мұнай трейдері болса, 2006 жылы «KazMunaiGaz Singapore» директоры бола тұрды.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Ақкенженов «Қазмұнайгаз» сауда үйі» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры болды да, 2008 жылдан 2010 жылға дейін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры болған.

2011 жылы ол «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директорының кеңесшісі болды. Одан кейін, 2012 жылға дейін ол «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры еді.

2013-2014 жылы Ақкенженов «Rompetrol Bulgaria» Бас директордың орынбасары, Бас директоры болды. 2014 жылы «KMG International (Rompetrol)» Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.

2015 жылы ол «KMG International (Rompetrol)» Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры еді. 2015 жылдан 2016 жылға дейін ол «KMG International (Rompetrol)» Бас директорының кеңесшісі болды.

2016-2020 жылы Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы маусымға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.

2023 жылғы маусымнан 2025 жылғы наурызға дейін Энергетика вице-министрі болды.

2025 жылғы 19 наурызда Президент Жарлығымен Энергетика министрі болып тағайындалды.

Өз өмірі Ақкенженов үйленген.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Қазақстан энергетика министрлері