Киров балет академиясы () — 1990 жылы Вашингтонда Корей мәдени қорының (Korean Cultural Foundation) басшысы Сон Мён Мунның бастамасымен негізі қаланған және 2022 жылы жабылған классикалық би мектебі.
Тарихы Оқу ордасының көркемдік жетекшісі бұрынғы Мариинский театры балетмейстері Олег Виноградов болды. Мектептің оқытушылары негізінен бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан мамандар еді.
Академия баспасөзде «Балеттік Гарвард» деп аталып, Вашингтонның мәдени өмірінде белгілі бір рөл атқарды, оның оқушылары жергілікті мәдени бағдарламалар мен іс-шараларда өнер көрсетті.
2022 жылы Академия қаржылық себептерге байланысты жабылатынын жариялады.
Оқушылары Жабылуына дейін бұл оқу орнында бір уақытта 45-ке дейін студент білім алды. Академияда оқыған Джей Ким мен Эшли Кантерна спорттық-бал билері бойынша әлем чемпионаттарында жалпы 10 алтын медаль жеңіп алды (тиісінше 9 және 1)Jay Kim // The official site of University of Utah Department of BalletRosalie Falter. Talent keeps these ballet-dancing sisters on their toes // Baltimore Sun, 2 July 2000. Академияның көптеген түлектері танымал бишілер қатарында. Мысалы, Саша Радецки, Джой Аннабель Уомак.
Дереккөздер
Санат:1990 жылы пайда болғандар Санат:Вашингтон оқу орындары