«Қаржыгер» — Теодор Драйзердің 1912 жылы шыққан романы. Құштарлық трилогиясын құрайтын үш шығарманың алғашқысы.

Америкалық миллионер Чарлз Тайсон Йеркстің өмірін (1837–1905) негізге алып, жазушы ірі қалалардың қаржылық және әкімшілік сипаттамасын жеткізуге тырысқан.Daniel A. Zimmerman, Panic!: Markets, Crises, and Crowds in American Fiction (Cultural Studies of the United States), The University of North Carolina Press, 2006, p. 191

Желісі Филадельфияда тұратын Фрэнк Алджернон Каупервуд аукциондарға қатысып, өзінің алғашқы миллиондарын жинайды, бай жесірге үйленеді. Қаланың қазынасына қолы жеткенде, жағдайы одан сайын жақсарады. Алайда біраздан соң бюджеттік ақшаны жымқыру бойынша сот басталып, Каупервуд жауапкершілікке тартылады.

Жалғасы 1914 жылы жазушы Фрэнк Каупервудтың кейінгі тағдыры жайында Алып атты романды жазады. Ал үшінші кітап тек 1947 жылы, автор қайтыс болғаннан кейін ғана жарияланады.

Дереккөздер

Сілтемелер The Financier Гутенберг жобасында

Санат:Ағылшын тілді романдар