Марко Антонио Рубио (, 28 мамыр 1971 жыл, Майами) — америкалық саясаткер және заңгер, 2025 жылдан бергі АҚШ Мемлекеттік хатшысы. Республикалық партияда мүшелігі бар Рубио бұрын Флоридадан сайланған АҚШ Сенаторы (2011–2025), Флорида Өкілдер палатасының спикері (2006–2008) мен оның депутаты (2000–2008) еді, 2016 жылы АҚШ президенттігіне үміткер болған.

Америкалық-кубалық Рубио Майамиде туған, саяси мансабын 2000 жылы Флорида Өкілдер палатасының депутаты ретінде бастады. Алты жылдан кейін ол бұл палатаның спикері болып сайланды да, 2008 жылы ол жерден кетті де, Флорида халықаралық университетінде оқытқан.

Өмірбаяны нобай|солға|150px|Рубио, 1989 жыл

Ерте жылдары Марко Антонио Рубио 1971 жылы Майами, Флорида штатында туған. Ата-аналары Марио Рубио мен Ория Гарсия 1956 жылы Кубадан Америка Құрама Штаттарына көшті және 1975 жылы АҚШ азаматтығын алды.

Балалығының бір бөлігін Лас-Вегас, Невадада өткізді, 1980 жылдары отбасы Флоридаға оралды. 1993 жылы Рубио Флорида университетінде саясаттану бойынша бакалавриат алды да, 1996 жылы Майами университетінде заң ғылымдарының докторы болды.

Саяси мансабының басы 1998 жылы Рубио Батыс Майами мүшесі болып, 2000 жылы Флорида Өкілдер палатасының депутаты болып сайланды. 2003–2006 жылдары аралығында Рубио сол палатадағы көпшілік басшысы, 2006–2008 жылдары спикері қызметін атқарды.

2008 жылы Флорида Өкілдер палатасынан кеткен ол Флорида халықаралық университетінде оқытып көрді.

2010 жылы ол АҚШ Сенатына сайланып, 2011 жылғы 3 қаңтарда ол жердегі Флориданың өкілі болды.

2012 жылғы Митт Ромнидің сайлауалды кампаниясы барысында Ромни бір кезде Рубионы вице-президенттікке алмақ еді, алайда кейін бұдан бас тартты.

Қырым аннексиясы кезінде Рубио Ресейге қарсы санкция жасауды қолдаған АҚШ шенеуніктерінің бірі болды. Ол Владимир Путин мен жақындастарына визалық және қаржылық шектеу қоюды, Ресейге экономикалық қысым көрсетуді ұсынды.

2016 жылғы президенттік кампаниясы нобай|солға|Рубионың Невадада сөз сөйлеуі, 2016 жыл

Рубио 2016 жылғы Республикашылар праймеризіне қатысқан. Миннесота, Вашингтон мен Пуэрто Рикода-ақ жақсы нәтиже көрсетті де, алдын-ала бәйгеден кетті. Дональд Трамппен бәйгеде болғанда Трамп Рубионы «Ұсақ Марко» десе, Рубио Трампты оның «кішкентай қолы» үшін, дөрекілігі үшін мазақ қылды. Трамптың Ақ үйде болған кезінде Рубиомен қарым-қатынасы кейін дұрысталып кетті, Рубио Трампты 2024 АҚШ президент сайлауында қолдады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы 2024 жылғы 13 қарашада жаңадан сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп Рубионы АҚШ Мемлекеттік хатшысы лауазымына ұсынды.

2025 жылғы 13 қаңтардағы АҚШ Сенаты тарапынан болған тыңдаулар кезінде Рубио болашақ сыртқы саясаттың «Америка Құрама Штаттары жайлы» болатынын айтты, Қытайды «бұл ғасырды анықтамақ қатер» деді.

Саяси көзқарасы Сыртқы саясат Рубио Америка Құрама Штаттарының жаһандық саясатқа араласуын қолдайды, Иран, Ресей мен Солтүстік Кореяға елдің күшті қарсылығын қалайды. Рубио Владимир Путинді «гангстер» деген, Барак Обаманың Кубамен дипломатиялық қатынасты дұрыстау талпынысына қарсы шығатын. Уран өндірісін тоқтатқанынша Иранға санкция сала бергенді, керек болғанда ядролық қаруға қол жеткізуін болдырмау мақсатымен күш қолдануды қолдайды. Рубио өзінің Қытайға үлкен қарсылығы және Тайваньді қатты қолдағаны үшін белгілі.

Өз өмірі Рубио 1998 жылы Джанет Дусдебеске үйленді, екеуі Майамидегі оқуы кезінде танысқан еді. Жұптың төрт баласы бар.

Дереккөздер

Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Флорида университеті түлектері Санат:Майами университеті түлектері Санат:Флорида халықаралық университеті оқытушылары Санат:АҚШ заңгерлері Санат:АҚШ саясаткерлері Санат:Флорида Өкілдер палатасы мүшелері Санат:Флорида Өкілдер палатасы спикерлері Санат:АҚШ республикашыл сенаторлары Санат:АҚШ мемлекеттік хатшылары Санат:Флорида штатынан сенаторлар Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2016) Санат:Дональд Трамптың екінші кабинеті