Dookie () — Green Day тобының 1994 жылдың 1 ақпанында Reprise Records лейблінде шыққан үшінші студиялық альбомы. Бұл – топтың продюсер Роб Кавалломен және ірі лейблмен (мейджор-лейбл) жасаған алғашқы жұмысы. Альбом 1993 жылы Калифорнияның Беркли қаласындағы Fantasy студиясында жазылған. Альбомдағы әндердің мәтіндерін негізінен топтың фронтмені Билли Джо Армстронг жазған және олардың көбі өмірлік тәжірибеге негізделген. Туындыларда ішпыстыру, мазасыздық, қарым-қатынас және жыныстық бағдар сияқты тақырыптар қозғалады. Альбомнан бес сингл шықты: «Longview», «Basket Case», «Welcome to Paradise», «When I Come Around» және «She».

«Dookie» жарық көрген соң музыка сыншыларының жоғары бағасын алып, 1995 жылы «Грэмми» сыйлығының «Үздік альтернативті альбом» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ ол коммерциялық тұрғыдан да үлкен табысқа жетіп, АҚШ-тың Billboard 200 чартында екінші орынға көтерілді және үш елде көш бастады. Бұл альбом Green Day тобының бүкіл әлемге танылуына және панк-рок жанрының кеңінен таралуына үлкен септігін тигізді. Кейіннен ол RIAA тарапынан екі мәрте «алмас» сертификатына ие болып, бүкіл әлем бойынша жиырма миллионнан астам тиражбен сатылды. Бұл көрсеткіш оны топтың ең көп сатылған альбомы әрі әлемдегі ең көп сатылған альбомдардың біріне айналдырды. 2020 жылы Rolling Stone журналы «Dookie» альбомын «Барлық заманның 500 ұлы альбомы» тізімінде 375-орынға қойды. Ал 2024 жылы бұл альбом «мәдени, тарихи немесе эстетикалық маңызы бар» туынды ретінде АҚШ-тың Ұлттық аудиожазбалар тізіміне енгізу үшін Конгресс кітапханасымен таңдалды.

Әндер тізімі

Дереккөздер

Санат:Green Day альбомдары