Вахид Амири (; 2 сәуір 1988 жыл) — ирандық футболшы, шабуылшы. 2015, 2019 жылдары Азия кубогына, 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Карьерасы Амири «Датис Лурестан» және «Ковсар Лурестан» клубтарының түлегі.

2010 жылы Гахар Загрос клубына ауысып, бір маусым ойнады.

2011 жылы "Нафт МИС" клубына ауысты, 48 матч өткізіп, 2 гол соқты.

2013 жылы «Нафт Тегеран» клубына ауысты. 2013 жылдың 25 шілдесінде «Фаджр Сепаси» клубына қарсы матчта тұңғыш рет алаңға шықты. 2013 жылдың 6 тамызында «Дамаш Гилан» клубына қарсы матчта команда сапындағы бірінші голды соқты. 2015 жылы 17 ақпанда АФК Чемпиондар лигасында Катардың «Әл-Джаиш» клубына қарсы матчта тұңғыш рет алаңға шықты.

Жетістіктері

Азия кубогының қола жүлдегері: 2019

Санат:Иран футболшылары Санат:Иран Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Персеполис ФК ойыншылары Санат:Трабзонспор ФК ойыншылары Санат:Нафт Тегеран ФК ойыншылары