нобай|оңға|2019 жылға дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қолына жүзік тағып жүретін. Надежда Тоқаевамен ажырасқанда оны тақпайтын болды.

Қазақстанның екінші президенті (2019 жылдан бері) және Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы (2022 жылдан бері) Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасы Ұлы жүздің Жалайыр тайпасынан шыққан. 1980 жылдары Тоқаев Надежда Давыдовнаға үйленді де, олардың жалғыз ұлы Тимур Тоқаев дүниеге келді.

Тоқаевтар отбасы Қазақстан саясаты, дипломатиясы мен бизнесіндегі ірі ықпалы бар Ізбастиндер әулетімен байланысты; әулет басы Теміртай Ізбастин Тоқаевқа күйеу бала болып келеді. Ізбастин — Қазақстанның Болгариядағы бұрынғы елшісі және бірнеше бай кәсіпкерлердің, оған қоса Құрылтай депутаты Дана Медеуованың әкесі.

Өз отбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы жүздің Жалайыр тайпасы Күшік руынан шыққан. Тоқаевтың шежіресі: Сомбақ – Сүйіндік – Байтоқ – Жылқыайдар – Жолбарыс (1671–1761) – Қыдырбай – Болтай – Тоқай – Кемел (1923–1986) – Қасым-Жомарт (1953).

Надежда Тоқаева

Тоқаевтың жалғыз және бұрынғы әйелі Надежда Тоқаева 1957 жылғы 27 қыркүйекте Кеңестік Ресейдің Свердловск облысындағы Төменгі Тагил қаласында туған. Ұлты — ашкеназ еврей. Оқуын Мәскеу тарих және мұрағат институтында бітірген.

Надежда Давыдовна күйеуі президенттігінің басына қарай, шамамен 2020 жылы Тоқаевпен ажырасты. 2005 жылы Тоқаева Мәскеуде тұрғын үйді жалға беретін жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Қасым-Жомарт Тоқаевпен ажырасуына Тоқаеваның ресейлік азаматтығы себеп болған деген болжамдар бар.

Тимур Тоқаев Қасым-Жомарт пен Надежда Тоқаевтардың жалғыз ұлы Тимур Тоқаев 1984 жылғы 15 ақпанда туған. Тимур Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің басында, 2019 жылы тегін Кемел деп ауыстырды. Қазір ол атасы Кемел Тоқаевтың қорына ие.

Тимур Кемел — Леман колледжінің (Женева, Швейцария), Вебстер университетінің (Беллевю, Швейцария) және Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының түлегі, саясаттану ғылымдарының кандидаты (2009 жылдан бастап). Әйелі — Елдана Сейітқалиқызы Шалабаева (Бәтима Зәуірбекова мен Сейітқали Шалабаевтың қызы).

Ата-анасы Кемел Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев 1923 жылғы 2 қазанда дүниеге келген. Ол — кеңестік жазушы, «қазақ детективінің атасы» және Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлының президенттігі кезінде Кемел Тоқаевтың әдебиеті жаңа назарға тап болып, жазушыға берілген мақтаулар өсе кетті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Тоқаевтың шығармашылығын «қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын құнды қазына» деп те атады. Бұл сияқты өзгерістерді кіші Тоқаев президенттігімен байланыстырған Азаттық радиосы оны «кемелдену» деп, жазушы Тоқаев айналасында жеке басықа табыну пайда болмақ деп уайымдады.

Кемел Тоқаев 1920 жылы туған ағасы Қасым Болтаевпен бірге ерте жетім қалды. 1942 жылғы 22 ақпанда Болтаев Ұлы Отан соғысының құрбаны болған. Кемел Тоқаев пен Тұрар Шабарбаева некесінен ұл бала туғанда, оған Болтаевтың Қасым есімі мен Шабарбаеваның өзі берген Жомарт есімдері берілді.

Тұрар Шабарбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың анасы, Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Қасым-Жомарттың ағайындысы Бақытбек пен Қанат және қарындастары Қарлыға мен Қарлығаш бар.

Өзге де туыстары Ізбастиндер әулеті

Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастина қазақстандық дипломат пен кәсіпкер Теміртай Рымтайұлы Ізбастинге үйленген. 2019 жылғы қарашада Тоқаев Ізбастинды Қазақстанның Болгариядағы елшісі етіп қайта тағайындады. 2022 жылғы 9 желтоқсанда ол бұл лауазымынан айырылды. Ізбастин дипломатиямен 1994 жылдан айналысып келеді. Ізбастинның балалары мемлекеттік қызметте болып жатады, бизнеспен айналысады.

Ізбастиннің бір қызы, саяси ғылымдар докторы мен бұрынғы проректор және кенші Дана Теміртайқызы Медеуова Қазақстанда да, Болгарияда да бизнес жасайды. Болгарияда ол Dami Investment, Dami International және SD Property Investments компанияларына, Астанада «Сал-сері» арт-галереясына және Funny school балаларды дамыту орталығына ие. Чехияда бауыры Бекет Ізбастинмен Дана Теміртайқызының жылжымайтын мүлікті жалға беретін екі компаниясы бар. Медеуованың жеке кәсіпкерлік шотына 2021 жылы ғана 55 жарым миллиард теңге қаржы түскен. 2026 жылы Медеуова Құрылтай депутаты болып сайланды.

Қаңтар оқиғасынан кейін Ізбастинның ұлы Қаныш Ізбастин Бәйтерек ұлттық холдингі басқарма басшысының бірінші орынбасары қызметінен кетті. Қаныш — аты-шулы Қорғас ісінен кейін отставкасын жариялауға мәжбүр болған Қозы-Көрпеш Кәрібозовтың күйеу баласы. Бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған. Әйелінің Майамида 136 шаршы метрлік пәтері бар.

Теміртай Ізбастиннің кенже ұлы Бекет Ізбастин — ҚазМұнайГазға қарасты PSA компаниясының бас директоры. Бұл — жылдық бюджеті 1 триллион теңгеден асатын ірі мекеме.

Мұхамед Ізбастин — кәсіпкер. Мұхамед 2022 жылы Қазақстан халқына қорына 100 миллион теңге аударған. Таза кірісі жүз миллиондап саналды, нағашысы Тимур Кемелмен бірге жұмыс істейді.

Иелігі Қасым-Жомарт Тоқаев есіміне жазылған Алматының Алмалы ауданында ауданы 1 500 астам шаршы метр үй мен 3 000 шаршы метр жер бар. 2022 жылғы ақпанның басына қарай осы үй сатылып жатқан, оның сол кездегі бағасы 1 миллиард 900 миллион теңге еді. Тоқаевтың бұл үйге дәл қазір иелік ететінін риэлтордың жоққа шығарғанына қарамастан, Азаттық радиосының зерттеуінше бұл жер сол кезде Тоқаев атына әлі де жазылған болатын.

Алматыдағы Абай даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы ғимаратына Тоқаев қарындасы Қарлыға Ізбастинаның Meerbusch компаниясы иелік етеді. Компания бұл үйді өз шын бағасымен салыстырғанда аса төмен саналатын 280 миллион теңгеге алды. Компания құрылтайшыларының қатарында Ізбастинаның қызы Дана Медеуова да бар.

1998 жылы Тоқаевтың әйелі Надежда Тоқаева саяси тұрғыдан әшкереленген тұлға ретінде танылмағанына қарамастан ұлы Тимурмен бірге Credit Suisse банктік шотын ашты. 2005 жылы Тоқаева шотындағы ақша 1.5 миллион АҚШ долларын құрап, шыңына жетті. Күйеуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы кеңсесінің бас директоры болғанынан кейін 2012 жылы есепшот жабылды да, отбасы Британдық Вирджин аралдарында 5 миллион доллар активтерімен бірге Женева мен Мәскеудегі 7.7 миллион долларлық мүліктері бар оффшорлық компаниялар ашты.

Тоқаевтардың ұлы Тимур Кемел (туғанында Тоқаев) — Мұрат Нұртілеу інісі Шалқар Нұртілеудің бизнес-серіктесі. Кемел иеленетін «Фортиус» компаниясына бұрын Шалқар Әбуғалиұлы иелік ететін. Мұрат Нұртілеудің өмірбаяны мен Тоқаев өмірбаяны арасындағы ұқсақтықтардан Мұрат Әбуғалиұлы «Тоқаевтың сенімді адамы» деп те аталып кетті. Кемел — бүкіл Шығыс Қазақстан облысын энергиямен қамтамасыз ететін компанияның жанама түрдегі құрылтайшысы. Тимурдың жиені Мұхамед Ізбастин бұл директорлар кеңесіне мүше болып кіреді. «Біріккен энергосервистік компанияның» 2021 жылғы қаржылық пайдасы 138 миллиард теңге еді. 2013 жылы Теміртай Ізбастиннің ұлы Мұхамед Тимурмен бірге Атырау облысында «Аби Петролеум Кэпитал» компаниясының құрылтайшылары болды.

Мүшелері Кесте

Тізім ТуғаныҚайтысболғаныАты-жөніҚасым-ЖомартТоқаевқа туыстығыЛауазымыМамандығыМемлекетДереккөзӨз туыстары19231986Кемел ТоқаевТоқаевтың әкесі«Ведомостар» газетінің бас редакторы жазушы19312000Тұрар ШабарбаеваТоқаевтың анасыоқытушы1953Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевӨзіҚазақстан президентіСенат төрағасыБҰҰ бас хатшысының орынбасарыСыртқы істер министріПремьер-министрдипломат, саясаткер1957Надежда Давыдовна ТоқаеваТоқаевтың ажырасқан әйеліҚазақстанның бірінші ханымыкәсіпкер1984Тимур Қасымжомартұлы Кемел (Тоқаев)Тоқаевтың ұлыКемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының басшысыкәсіпкер1984Елдана Сейітқалиқызы Кемел (Шалабаева)Тоқаевтың келініСейітқали Исақұлұлы ШалабаевТоқаевтың құдасыО. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директорыөнертанушы1946Бәтима Есмұратқызы ЗәуірбековаТоқаевтың құдағиыгобеленші1960Қарлығаш Кемелқызы ТоқаеваТоқаевтың қарындасыБақытбек Кемелұлы ТоқаевТоқаевтың інісіҚанат Кемелұлы ТоқаевТоқаевтың інісі1956Қарлыға Кемелқызы ІзбастинаТоқаевтың қарындасы—кәсіпкерБасқа туыстары1957Теміртай Рымтайұлы ІзбастинТоқаевтың күйеу баласы, Қарлыға Ізбастинаның күйеуіБолгариядағы елшідипломат1978Дана Теміртайқызы Медеуова (Ізбастина)Теміртай Ізбастинның қызыҚұрылтай депутатыҚазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректорыкенші, саясаттанушы, кәсіпкер, саясаткер1981Қаныш Теміртайұлы ІзбастинТеміртай Ізбастинның ұлыБәйтерек холдингі басшысының бірінші орынбасарыСамұрық-Қазына қорының басқарушы директоры саясаткер, кәсіпкер1984Бекет Теміртайұлы ІзбастинТеміртай Ізбастинның ұлы«PSA» ЖШС бас директорысаясаткер, кәсіпкер1983Мұхамед Теміртайұлы ІзбастинТеміртай Ізбастинның ұлыҚазақстан киберспорт федерациясының президентікәсіпкерМухамед Избастин избран президентом Казахстанской федерации киберспорта1958Елена Николаевна КазутинаНадежда Тоқаеваның немере сіңлісіСақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының бас есепшісіесепшіПлемянники Токаева и родственники его жены. Кто рулит в Самрук-Казына1982Николай Юрьевич КазутинЕлена Казутинаның ұлыСамұрық-Қазына қорының басқарушы директорыесепші1982Ботагөз Қозы-Көрпешқызы Өмір (Кәрбозова)Қаныш Ізбастиннің жұбайы, Қарлыға Ізбастинаның келініСписок аффилированных лиц акционерного общества "Национальная компания "Продовольственная контрактная корпорация"ИП Карбузова Б.К.1959Қозы-Көрпеш Жапарханұлы КәрбозовҚаныш Ізбастиннің қайын атасы, Қарлыға Ізбастинаның құдасы«KMG-Security» ЖШС бас директорыКедендік бақылау комитетінің төрағасыҰлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарызаңгер, экономист

Тағы қараңыз Нұрсұлтан Назарбаев отбасы

Ескертпелер

Дереккөздер

Отбасы Тоқаев Тоқаев