Қошқар () — Қырғызстандағы өзен, Нарын облысы, Қошқар ауданы аумағы арқылы ағып өтеді. Шу өзенінің сол саласы.
Өзеннің ұзындығы 45 км. Су алабының ауданы — 2590 км². Орташа ұзақ мерзімді су шығыны — 12,6 м³/с құрайды. Қазан-мамыр айларында суы мол келеді.
Шығыс Сүйек пен Шығыс Қарақол өзендерінің қосылуынан, теңіз деңгейінен 2189 м биіктікте Мантыш ауылының маңында басталады. Бастаудан сағаға дейін ағынның басым бағыты шығыс. Қошқар ауылы маңында Жуанарықпен қосылып, Шу өзенін құрайды.
Негізгі салалары: Шығыс Қарақол, Сүйек, Қызарт, Мықан, Шәмші мен т.б.
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы