Арыстан – Іленің оң тармағы.
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданындағы өзен.
Бастауы Іле өзенінің оң жағасында орналасқан Көктал ауылының солтүстік-батысында 15 км жердегі батпақтан басталып, Қарабақанастың тармағы – Нарынға құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 67 км. Суы желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде қатып, наурыздың аяғында ериді. Өзен бойына қыста мал жайылады.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Балқаш ауданы өзендері Санат:Іле су алабы