Бюкк, Бюкк таулары () — Мажарстандағы тау тізбегі, елдің солтүстік-шығысында, Солтүстік Мажарстан тауларының бір бөлігінде орналасқан.
Тізбектің көп бөлігі Бюкк ұлттық саябағының құрамына кіреді. Бюкк тізбегінің ең биік нүктелері — Сильваши-Кё (960,7 м) және Ишталлош-Кё (958,1 м) таулары. Бұл тізбек аумағында 1115 үңгір табылған, олардың кейбіреулері танымал туристік орындар болып табылады. Шубалюк үңгірінен неандертальдықтардың қаңқа қалдықтары табылдыТ. М. Исламов, А. И. Пушкаш, В. П. Шушарин. Краткая история Венгрии : С древнейших времен до наших дней / Отв. ред. Т. М. Исламов; [АН СССР, Ин-т славяноведения и балканистики]. — М.: Наука, 1991. — С. 9. — 606 с. — ISBN 5-02-009913-9.. Кейінгі палеолиттік Селет мәдениеті Селета үңгірінің атымен аталған. Көтергіштермен жабдықталған бірнеше шаңғы трассалары бар. солға|нобай|250x250 нүкте|Бюкк тауларының Мажарстанның аумақтық бірліктері шегінде орналасуы
Дереккөздер
Санат:Мажарстан таулары