Сисак-Мославина жупаниясы () — Орталық Хорватияның шығысында орналақан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Сисак қаласы.
Географиясы Сисак-Мославина жупания Карловац жупаниясымен батыста, Загреб жупаниясымен солтүстікте, Беловар-Билогора және Пожега-Славония жупанияларымен солтүстік-батыста, ал шығысында Брод-Посавина жупаниясымен шектеседі. Оңтүстігінде жупания Босния және Герцеговинамен шекаралас.
Жупанияның ең көрікті бөлігі — Лоньско Поле табиғи паркі орналасқан Мославина аймағы.
Тарихы
Сисак-Мославина жупаниясының астанасы Сисак қаласы ежелгі Паннония-Савия рим провинциясының астанасы болған және Купа мен Сава өзендерінің тоғысында орналасқан аймақтың ең үлкен қаласы болып саналатын.
Сисак қаласының қамқоршысы — Әулие Квириний, христиандық дәуірдегі алғашқы епископтардың бірі, Рим императоры Диоклетианның христиандарды қудалау кезеңінде азапталған. Аңыз бойынша, оны диірменнің тасына байлап, өзенге тастаған, бірақ ғажайып түрде аман қалып, Құдайға қызмет етуді жалғастырған.
1593 жылы Сисак қаласы жанында өткен шайқас Сисактың атағын асқақтатты, мұнда Қасиетті Рим империясының әскері Осман империясының түрік әскерін жеңген.
Қазіргі таңда Сисакта Хорватиядағы ең ірі металлургиялық зауыт орналасқан, ол Загреб университетінің Сисактағы металлургия факультетінің қолдауымен жұмыс істейді. Сонымен қатар, Сисакта елдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты бар, ол көрші Кутина қаласындағы мұнай-химия өндірісімен тығыз байланысты.
Халқы 2011 жылғы халық санағының деректері бойынша, Сисак-Мославина жупаниясында жалпы халық саны 172 439 адамды құрайдыЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Ірі қалалары — Сисак, Петрина және Кутина.
Жупания халқының ішінде 142 077 хорваттар (82,39 %), 21 002 сербтер (12,18 %), 2464 босниялықтар (1,43 %) бар. Басқа ұлт өкілдерінің саны 1%-дан аспайдыҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .
Басым діни сенім — католицизм (79,27 %), православиелік христиандар 12,23 %, ал мұсылмандар 2,4 % құрайды. Сонымен қатар, халықтың 4,96 %-ы діндар емес немесе сұраққа жауап беруден бас тартқан.
Әкімшілік бөлінісі Сисак-Мославина жупаниясы 7 қалаға, 12 қауымдастыққа және 456 елді мекенге бөлінеді.
Қалалар: Сисак — жупанияның астанасы, халқы 33 322 адам Петрина — 15 683 адам Кутина — 13 735 адам Новска — 7028 адам Глина — 4680 адам Поповача — 4207 адам Хрватска Костайница — 2127 адам
Қауымдастықтар: Доньи Кукурузари Двор Гвозд Хрватска Дубица Ясеновац Лекеник Липовляни Маюр Мартинска Вес Суня Топуско Велика Людина
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары