Шерзат Болаттың өлімі — 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Алматы облысының Талғар қаласында болған төбелес кезінде Шерзат Болаттың жүрек тұсына пышақ сұғылып, 16 жасар жасөспірім қайтыс болды. Кейін оқиғаны бірнеше дереккөздер Талғар оқиғасы деп те атады.
Бастапқы дереккөздерде төбелес бір сатып алушының сыра банкасы үшін ақша төлеуден бас тартуынан басталды. Алайда Ішкі істер министрлігі кейін көрсеткен бейнелерде бұл түсіндірмені жоққа шығарды.
Көпшілік ақпарат көздерінің жазуынша, өлімге кінәлі болғандар — «Хуторские» (ауылдықтар, қыстақтықтар) ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері. ІІМ бұл топтың өз есептерінде болмағанын айтты. Шерзат Болаттың әкесі мен ағасына жабылып, шабуылдаған 13 адам жайлы ақпарат көп емес. Әзірге қамауға алынған күдіктілер саны — 11 адам.
12 қазанда Шерзат Болаттың отбасының үйі өрттенді. Ішкі істер министрлігі бұл өрттің адам қолынан жасалғанын мүмкін көріп, жанұяны қорғауға алған. Қылмыс салдарынан жергілікті биліктің біраз шенеуніктері, соның ішінде Талғар әкімі, оның бір орынбасары және аппаратының басшысы қызметтерінен босатылды.
Алғышарттары Шерзат Қаржаубайұлы Болат — Талғар, Алматы облысында тұрған 16 жасар жасөспірім бала, 10 -шы сынып оқушысы. Ата-анасының дүкені бар. Бақыт Реймова есімді әпкесі бар. Болаттың оқуға түсіп, кейін үйленіп, әскери қызмет атқару деген жоспарларының бар болғаны жайлы айтылады.
Қылмыс Төбелес себебі Жаппай төбелестің және соның салдарынан болған қылмыстың көпшілік айтатын себебі — белгісіз бір адамның дүкенде сыра үшін төлемей кетпек болғаны. Алайда 15 қазанда іске қатысты берген мәлімдемесінде ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Айсов жанжалдың бір банка сырадан шыққанын жоққа шығарды, көрсеткен бейнеде сатып алушының барлық тауарға ақшасын төлегенін көрсетті. Осы бақылағанының күдіктіні ақтағысы келгенінен айтылғанын ол жоққа шығарды.
Тауары үшін ақшасының бір бөлігін қағаз ақша арқылы, басқа бөлігін онлайн төлеген клиент кейін дүкен иесінен телефонын зарядтап алғанын сұрады. Телефонын зарядтап алып, қайта өз қолына алған клиент кейін дүкен иесі мен Болатпен бірге сыртқа шығады.
Төбелес барысы «Қамажай» делінген дүкеннің иесімен белгісіз бір келіспеушілігі болған клиент кейін төбелес бастап, жақтастарын шақыртып, дүкен сатушысы-иесін, соның баласын және туыс ағасын соққыға жыққан. Маңайда болған тұрғындар төбелестің бір бөлігін видеоға түсіріп та алған.
ІІМ жазуынша, кейін төбелеске қатысқан адам «көбейіп қалды», бірнеше әйел оны «тоқтатпақ» болды.
2 адам жарақат алды да, Шерзат Болатты біреу пышақтап қалды.
Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ғалымжан Есенәлиевтің айтуынша, Шерзат Болат пен ағасы ауруханаға 4 қазанда, сағат 0:58-де жеткізілді. Оларды жеткізген Болаттың әкесі Қаржаубай болды. Есенәлиевтің айтуынша, Болатқа берілген алдын ала диагноз кеуде қуысының ашық жарақаты, яғни сол жақтағы кеудеге пышақ жарақаты болды. Ашық жүрек жарасы және жүрек тампонадасы болды. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді, бірақ нәтиже болмады, жасөспірім сол жерде қайтыс болды.
Өлімнен кейін Болаттың туыстары кінәлілердің тұтқындалуын және сотталғанын талап етті.
Өрт 12 қазанға қараған түні Азат ауылында орналасқан Болат жанұясының үйі өрттенді. Өрттенген кезінде үйде ешкім болмай қалды да, Болаттың туыстары кейін қорғауға алынды.
Өрттен кейін оқиға орнына Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов келді. Алматы облысының прокуроры Берік Адамов айтуынша, өрт себебін білу барысы белсенді түрде өтіп жатыр.
Тергеу барысы Қылмыс тергелуі Оқиғадан кейін Болаттың әпкесі Бақыт Реймова әлеуметтік желіде орын алғанның бәрі жайлы айтып берді де, қазақстандықтардан қолдау іздеді, кінәлілер «тек жартысының» ғана ұсталғанын айтып кеткен ол «резонанстың» шыпқайынша «бізді еститін ешкім жоқ» деді. Болаттың әкесі, оған қоса, Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, ашық соттың өткенін талап етті.
8 қазанда, кісі өлтіру дерегі бойынша істің басталған күні, Алматы облысының прокуратурасы істің өз қолына алғанын жариялады да, тергеудің әділ өтетіне «кепілдік» берді.
15 қазанда Алматы облысының құқық қорғау органдары дүкен камераларынан алынған оқиға орнынан бар видео жариялады және сот ісінің жария түрде өту мүмкіндігі жайлы да айтты. ІІМ өлімге кінәлі делінген «Хуторские» (ауылдықтар, қыстақтықтар) ұйымдасқан қылмыстық тобының есепте болмағанын айтып кетті де, олардың кінәлілігін жоққа шығарғандай болды.
Күдіктілер 15 қазанда қылмыс бойынша ұсталған адамдар жалпы санының 10 болғаны белгілі болды. Бұны Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мәлім етті.
Ішкі істер министрлігі оқиғадағы «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының үлесіне және оның жалпы бар болғанына күмән келтірді, топтың есептерінде болмағанын айтты. Ішкі істер министрінің орынбасары Әленов күдіктілер жайлы қысқаша айтып та кетті: екеуі ипподромда жылқышы болып жұмыс істейді, біреуі Шымбұлақта қара жұмысшы болып және басқа екеуі сұлулық салонында жұмыс істейді. Айсов Болаттың өліміне кінәлі деген айып көрген күдіктілердің туған жылдарын да айтып кетті: 1993, 1996, 1998 бен 2000 жылдар.
18 қазанда ұсталған күдіктілер саны 11-ге жетті.
Хуторские тобы Болаттың өлімі бірнеше теорияларға да алып келді. Ең көп таралған теория өлімге талғарлық шенеуніктермен байланысы бар «Хуторские» (ауылдықтар, қыстақтықтар) тобы және оның мүшесі Ханас Қасымбаев кінәлі дейді. Shishkin_live редакциясы өлім мен қылмыстық топтың байланысын дәлелдей алса, шенеуніктердің оларға деген қатысы жайлы ақпарат табу мүмкін емес деді. Редакцияның мәліметінше, Хуторлықтар Талғарда қылмыспен біраз жыл бойы айналысып жүр. Күдікті болған Нұрқияс Ілиясов, Равиль Сакиев пен Абзал Шынасыл бұрын не қылмыс күдіктісі, не куәгері болатын. Топтың басшысы делінетін адам — Хасан Қасымбаев. Оның Аслан және Ержан Қасымбаевтар делінетін ағайындылары бар. Асхат Ниязов түсірген видеода түрлі талғарлықтар топтың бар болғанын және әлі де қылмыспен айналысқанын растады.Ниязов, Асхат Сергеевич
Салдары 15 қазанда ІІМ мен Алматы облыстық прокуратурасы өкілдері іс жайлы жалпыға ортақ брифинг ұйымдастырды. Сол күні, оған қоса, Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков, орынбасары Матан Сағындық пен Талғар ауданы әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаевтың қызметтерінен босатылғаны хабарланды.
Соты 2025 жыл 5 маусымда өткен жылдың қазан айында болған Шерзат Болаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сотталушыларға үкім шығарды.
Абзал Шынасыл — кінәлі деп танылып, оған 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып , жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемелерінде өтеу тағайындалды. Равиль Сакиев — 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Азамат Тоқтаубаев — өтелмеген мерзімін ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтеу туралы үкім шығарды. Шыңғыс Белқожаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет және Дархан Әскентай әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтеледі. Нұрқияс Ілиясов — 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қауіпсіздігі орташа түзеу мекемелерінде өтеледі. Қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталған кәмелетке толмаған сотталушы Думан Ысқақ 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Қазіргі таңда Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Жауапкерлердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Шерзат Болаттың ата-анасы мен әжесіне келтірілген моральдық шығынды өтеу үшін Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен 30 миллион теңге, басқа сотталғандар мен Сакиевтен бірлесіп 30 миллион теңге өндірілді. Жәбірленушілер кәмелетке толмаған сотталушыға азаматтық талап қоймаған.
Тағы қараңыз Бишімбаев ісі
Дереккөздер
Санат:2024 жылдағы Қазақстан Санат:Қазақстандағы өлтірулер Санат:Қазақстандағы қылмыстық істер Санат:Талғар