Иранның Израильге зымыран соққысы (; ) — 2024 жылы 13 сәуірде жасалды. Иран Израильден кек қайтару мақсатында бірінші рет өз жерінен еврей еліне соққы жасады. Кем дегенде 300-дің үстінде зымырандармен дрондар арқылы Израильдің стратегиялық маңызы бар нысандарымен әскери базаларын атқылады. Шабуыл тарихтағы ең ірі ұшқышсыз ұшатын аппараттармен (БПЛА) шабуыл болды және 1991 жылдан бері алғаш рет Израиль басқа мемлекеттің әскери шабуылына ұшырады.

Бұл соққы 5 сағатқа созылды. Сондай-ақ ирандық кейбір зымырандар Ирак, Сирия, Ливан және Йемен жеріненде Израильге қарсы атылды. Ұшып келе жатқан зымырандармен дрондарды жоюға Израильдің одақтастары АҚШ, Ұлыбритания, Иордания көмектесті. Иран жағы «Израильдың әскери базалары жойылды» деп хабарласа, Израиль жағы Иран атқан зымырандардың «99 пайызы діттеген жеріне жетпей жойылды» деп хабар тартуда. thumb|Неватим авиабазасына Иранның баллистикалық зымыраны түскеннен кейінгі орыны Сәуір айында Израиль Иранның Сириядағы елшілігіне шабуыл жасағаннан кейін Иран Израильге қарай 170 бомба таситын ұшқышсыз ұшақ, 30-дан астам қанатты зымыран және 120-дай баллистикалық зымыран ұшырды. Израиль, АҚШ және басқа да елдер сол снарядтардың түгелге жуығын атып түсірді.

Себептері Бұл қақтығысқа Израильдің Сириядағы Иран елшілігіне жасаған зымыран соққылары себеп болды. Елшілік ғимараты қирап, ондағы жоғары дәрежелі Иран генералдары қаза тапқан болатын. Бұған жауап ретінде Иран 14 сәуірде Израильге дрондар мен зымырандарды қолданып, соққы берді.Бұл – Иранның Израильге 1979 жылдан бергі алғашқы тікелей шабуылы. Ислам төңкерісі қорғаушыларының корпусы бұл соққыны «Шынайы уәде» операциясы деп атады.

Иран одақтас күштері Ирак жасақшылары Иран 2014 жылы Иракта "Ислам мемлекеті" тобымен күресу үшін бірқатар күштерді қолдады. "Халықты жұмылдыру күштері" деп аталатын бұл шииттік отрядтар зымырандармен, ұшқышсыз ұшақтармен және басқа да қару-жарақтармен қаруланған қуатты саяси фракцияға айналды. Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының дерегінше, оның құрамына 180 000-ға жуық жауынгер кірген. Ливандық "Хезболла" "Хезболла" 1982 жылы Ливанның оңтүстігін Израильдің басып алуына қарсылық ретінде құрылған. Израиль "Хезболладан", әсіресе, оның иелігіндегі зымырандық арсенал мен Сирияда Асадты қолдау жолындағы шайқастарда әбден шыңдалған күштерінен сақ болуға тырысады. Израильде "Темір күмбез" тәрізді мықты әуе қорғанысы жүйесі болса да, "Хезболла" мен басқа да топтардың жаппай ракеталық шабуылдары елді күйретеді деген қауіп бар. Кейбір зерттеулерге қарағанда, "Хезболла" 150 000 дана зымыран мен дәлдеп тиетін ракетаға ие. Йемендегі хуситтер Хуситтет көтерілісшілер ретінде қарастырылғанымен, бүгінде Иранның қолдауымен Қызыл теңіз дәлізінде коммерциялық кемелерді күрт тоқтатып, тіпті Израильге дрондармен және зымырандармен шабуыл жасайтын жағдайға жеткен. Ал АҚШ Әскери-теңіз күштерінің операциялары олардың кемелерге шабуылын толық тоқтата алмай отыр. Иранның хуситтерге тікелей билік ететіндігі сарапшылар арасында пікірталасқа себепші. Хуситтер өз қатарына 200 мыңдай адам тартқанын айтады.

Израильдің реакциясы Беньямин Нетаньяху: Қорғаныс жүйелері орналастырылған. Біз кез келген сценарийге дайынбыз. Қорғаныс және шабуыл сценарийі. Израиль мемлекеті күшті. IDF (ЦАХАЛ) күшті. Біздің халқымыз мықты. Мен келесі қағиданы бекітемін: біз өзімізге зиян келтіретін кез келген адамға зиян келтіреміз. Біз өзімізді кез келген қауіптен қорғаймыз және бұл жауапкершілікті атқаруда салқынқандылық танытамыз, - деді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Кейін Израиль Қорғаныс жүйесі ирандық зымырандар мен дрондардың барлығы дерлік атып түсірілгенін хабарлады.

Даниэль Хагари: Иран 200-ден астам камикадзе дрондарын, қанатты және баллистикалық зымырандардың бір тобын ұшырды, - деп мәлімдеді Израиль қорғаныс армиясының өкілі, контр-адмирал Даниэль Хагари. Оның айтуынша, Израиль мен оның одақтастарының аймақтағы қорғаныс жүйелері зымырандар мен дрондардың басым көпшілігіне төтеп бере алған. Олардың ондаған бөлігі Израиль аумағынан тыс жерде атып түсірілді.

Халықаралық реакция Иранның шабуылдары БҰҰ, бірқатар әлемдік көшбасшылар мен саяси сарапшылар тарапынан сынға ұшырады, олар олардың толыққанды өңірлік соғысқа айналу қаупі бар деп ескертеді.

Ливан, Мысыр, Ирак, Иордания, Сирия және Израиль шабуылдарға жауап ретінде әуе кеңістігін жапты. Иордания өзінің әуе кеңістігін бұзатын Иран ұшақтарын атып түсіруге дайын екенін мәлімдеді.

Салдары Атыс салдарынан 7 жасар бедуиндік қыз бала Амина Альхасуни Арад ауданында ауыр жараланған. Сондай-ақ, Израильдің «Неватим» ӘӘК базасы мен өзге де әскери және стратегиялық нүктелер аздап зардап шекті.

Тағы қараңыз Иранның Израильге зымыран соққысы (қазан 2024) Израильдің Иранға соққысы (2024)

Дереккөздер

Санат:Израиль соғыстары Санат:2024 жылғы қақтығыстар