Металлургтер мәдениет сарайы – Шығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 68.
Құрылыс кезеңі, авторы 1957 жыл, сәулетші Л.И. Маковеев.
Сипаты thumb|right|250px|Металлургтер сарайының қасбеті. Ғимараттың функционалды қызметі оның құрылыс стилін алдын ала анықтады - бұл кеңестік классицизмнің айқын үлгісі. Сызбада ғимарат симметриялы және негізгі қасбетке басты назар аударылған. Ғимаратқа пішіні бойынша қатаң кең баспалдақтар алып барады. Сәулет өнерінде портик деп аталатын бағаналы үсті жабылған құрылыс алдындағы галерея маңдайшамен аяқталады. Портиктегі бағаналардың үстіңгі жағы күрделі коринфтік ордерде орындалған. Тематикалық мүсіндермен безендірілген маңдайшада кішігірім төрт бұрышты бағаналар бар. Негізгі қасбеттің бұрыштары шығыңқы бөліктермен ерекшеленген. Екінші және үшінші қабаттың ортаңғы бөліктері ішке қарай кірген және көп бөлігі шыныдан жасалған үлкен қапталдас балконды құрап тұр.
Ғимараттың көркем безендірілуі суретші Н.В. Цикчинскийдің қадағалауымен орындалған. Маңдайшадағы мүсіндер тобын мүсінші X. Наурызбаев, ал "балық" мүсінін В.С. Рапопорт жасаған. Ғимарат конструкциясы XX ғасырдың құрылыс өнері шеберлігінің соңғы жетістіктерін көрсетеді және үлкен эстетикалық, көркем мағынаға ие.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Шығыс Қазақстан облысы сәулеті Санат:Өскемен