нобай|Көне парсылық су сағаты. Су сағаты — судың тұрақты ағуын пайдаланып, оның көмегімен уақытты өлшейтін құрал. Сағаттың бұл түрі ежелгі өркениеттерде кеңінен кездесіп, орта ғасырларға дейін тұрақты қолданыста болған.
Ежелгі Грекияда ондай сағатты клепсидра ( — суды жымқыру) деп атаған. Біздің заманымыздан бұрын III ғасырда әйгілі математик Ктесибий клепсидраның өз нұсқасын ұсынады. Бұл құрал 1800 жыл бойы ең дәл сағат болып саналды.
1300 жылға қарай Еуропада механикалық сағаттар тарай бастағанымен су сағаттарының қажеті біртіндеп жойыла бастады.
Мұсылман өркениетінде дарынды механик Әл-Жазаридің өнертабыстары ерекше танымалдыққа ие болған. Оның «Піл» және «Қамал» су сағаттары кейде аналогтық есептеуіш машинаның мысалы ретінде аталады.
Дереккөздер
Сілтемелер Клепсидра туралы ақпарат (анимациямен) Әбу Әли әл-Хайсамның су сағаты жайында
Санат:Сағаттар