Маттео Руджери (итал. Matteo Ruggeri; 11 шілде 2002 жыл, Сан-Джованни-Бьянко, Италия) — италиялық футболшы, "Аталанта" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Аталанта" клубының түлегі. 2020 жылы 3 қарашада Чемпиондар лигасының 4-турында "Ливерпульге" қарсы ойында тұңғыш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Ал Италия чемпионатындағы тұңғыш ойынын 8 қарашада "Интернационалеге" қарсы өткізді.
2021 жылы "Салернитанаға" жалға берілді де, 2022 жылы "Аталантаға" қайта оралды.
Халықаралық Италияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.
Жетістіктері
Командалық Италия-17
Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2019
«Аталанта»
УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24
Сілтемелер
https://int.soccerway.com/players/-/579195/
Санат:Италия футболшылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары