Мартыши газмұнай кеніші — Атырау облысының Исатай ауданында, Атырау қаласынан батыста 76 шақырым қашықтықта орналасқан. Газмұнай кеніші тұзкүмбез құрылымында жинақталған. Мартыши газмұнай кеніші 1962 жылы ашылып, 1968 жылы «Жайықмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына пайдалануға берілді.

Дереккөздер Мұнай және газ терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы-геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: APHgroup, 2000. — 328 бет.

Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Атырау облысы кен орындары