Бақалы — Жетісу облысы Сарқан ауданындағы ауыл, Бақалы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км-дей жерде, Лепсі өзені салаларының бірінде орналасқан. Құрғақ агроклиматтық белдемде жатқан ауылдың төңірегінде бұта аралас боз, бетеге сияқты шөптер өседі.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13991149 1117 97,2 584 568 97,3 565 549 97,2

Тарихы Бұрынғы Бақалы кеңшары негізінде ауылда шаруа және фермерлік қожалықтар жұмыс істеген.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары Сарқан қаласымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы елді мекендері