Леман Бозкурт Алтынчекич (1 қараша 1932 – 4 мамыр 2001) – түрік ұшқышы. Ол Түркия Әуе күштері мен НАТО- да аккредиттелген алғашқы әйел реактивті ұшқыш болды.
Леман Бозкурт 1 қараша 1932 жылы Карс провинциясының Сарықамыш қаласында әзербайжан отбасында дүниеге келген. Ыстанбұлдағы қыздар орта мектебін бітіргеннен кейін ол планер ұшқышы мамандығын алу үшін Эскишехир провинциясының Инону ауданындағы Түрік аэронавигациялық қауымдастығының Инону оқу орталығына құжат тапсырадыhttp://leman-altincekic.com/ .
Әскери қызметі 1954 жылы Түрік әуе күштері әйелдерді тіркеуге шешім қабылдағанда, Леман әуе күштеріне өтініш береді. Ол Измирдегі әскери училищедегі ең алғашқы қыз студент болды. Ол 1955 – 1957 жылдар аралығында винттік ұшақтарда оқытылды. Сұхбатында ол алғашында мектепте студент қыздарға арналған интернат болмағанын және офицер отбасының үйінде қонақ болып тұруға мәжбүр болғанын айтады. 1957 жылы 30 тамызда әскери ұшқыш мамандығын бітіреді. Кейінірек мектепке тағы бес студент қыз қабылданғанымен, ол Эскишехир әскери базасындағы авиация бөліміне қосылған жалғыз студент қыз боладыhttp://www.tayyareci.com/arsiv/lemanaltincekic.asp. Леман Эскишехирде реактивті ұшқыш ретінде дайындалып, 1958 жылы 22 қарашада екінші лейтенант шенін аладыTurkish Air forces page . 1967 жылға дейін ол Республика F–84 Thunderjet және Lockheed T-33 ұшақтарында ұшты. Кейінгі жылдары ол кадрлық қызметті атқарды. Аға әуе полковнигі болып зейнетке шықтыhttp://leman-altincekic.com/ .
Жеке өмірі 1959 жылы Леман Бозкурт Эскишехирдегі әріптесі Тахир Алтынчекичке тұрмысқа шықтыhttp://gazetearsivi.milliyet.com.tr/Arsiv/1959/09/05. Ол 2001 жылы 4 мамырда Измирде қайтыс болды және Қарабағлар зиратында жерлендіhttps://en.wikipedia.org/wiki/Leman_Alt%C4%B1n%C3%A7eki%C3%A7#cite_note-7.
1984 жылы 1 желтоқсанда түрік әйелдерінің толық сайлау құқығының 50 жылдығында ол «кәсіптегі алғашқы әйел» болғаны үшін тақта алу үшін түрік парламентіне шақырылды.
Дереккөздер
Санат:Түркия ұшқыштары Санат:Әйел ұшқыштар