Уммие Кочак (1957 жылы 1 наурызда туған, Адана) — түрік актрисасы, жазушы, фермер және режиссерhttp://www.ntv.com.tr/galeri/sanat/ummiye-kocak-cristiano-ronaldoya-sarildigimda-kurban-oldugum-oglum-dedim,r6aR1kHkS0Wdx-SlDLLWiQhttp://www.hurriyet.com.tr/ummiye-kocak-siddetin-her-turlusune-hayir-40270845http://www.aksam.com.tr/pazar/sanatin-koylusu-sehirlisi-olur-mu/haber-604407http://t24.com.tr/haber/tarladan-kazandigi-parayla-film-ceken-ummiye-kocaka-new-yorktan-odul,342674.
Өмірі Уммие 1957 жылы Адананың Челемли ауылында 10 балалы отбасында дүниеге келген. Бастауыш сыныптан кейін мектепке жібермеді. Оқыған кітаптары арқылы өзінің тұлғалық дамуына қол жеткізуге тырысты. Тұрмысқа шыққаннан кейін ол Мерсинге көшті. Ауыл әйелдерінің өміріне назар аудару үшін 2001 жылы «Арсланкөй әйелдер театр тобын» құрды. Ол құрған топтың алғашқы пьесасы Ремзи Өзчеликтің «Тас Бадамдары» атты пьесасы болды. Одан кейін сахнаға өз хикаяларынан тұратын «Әйел зары» спектаклін алып шықты. Оның «Сағыныш гүлдері» пьесасы 2006 жылы Сабанжы халықаралық Адана театр фестивалінде қойылды. Ол ауыл шаруашылығынан тапқан табысымен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа назар аударатын «Жүнді Бала» фильмінің сценарийін жазып, режиссерлік етті. Анталья Алтын Апельсин кинофестивалінде тұсауы кесілген фильмімен Нью-Йорк Еуразия кинофестивалінде «Кинодағы Еуразияның үздік әйел суретшісі» жүлдесіне лайық деп танылдыhttp://www.ummiyekocak.net/?pnum=28&pt=%C3%9Cmmiye+KO%C3%87AK+Kim+%3F. 2017 жылы ол Криштиану Роналдудың қатысуымен Түрік Телекомның жарнамасын басқардыhttp://www.cnnturk.com/spor/futbol/ronaldo-ve-ummiye-kocak-birarada?page=1.нобай| Арсаланкөй театры Жазған пьесалары
Қара өрік эскизі; Озон тығыны; Қара құдық; Тегін дәрігер; Цитрус – бұл өмір; Гүлдер солып қалмасын; Сағыныш гүлдері.
Ойнаған телехикаялары
Ateş Kuşları (2023); Hayat Devam Ediyor; Hanımın Çiftliği; Kasaba (2009); Seher Vakti (2005).
Әңгімелері
Елге деген сүйіспеншілік; Иразканың армандары; Қансыраған жара; Тағдыр; Шұңқыр; Аяқсыз тұру; Әке мен осындамын; Басшыға кандидат Хасрет Ана.
Фильмдері
Жүнді бала
Марапаттары
Адана халықаралық театр фестивалінің жүлдесі; Анкара халықаралық театр фестивалінің жүлдесі; Дарушшафака білім беру мекемелерінің кәсіпкерлік сыйлығы; Борнова халықаралық әйелдер суретшілер фестивалінің жүлдесі; Торос колледжінің білім беруді қолдау сыйлығы; «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін» үкіметтік емес ұйымдар (Kader) сыйлығы; Мерсин Өнеркәсіпшілер және Іскерлер қауымдастығы (MESIAD) Жыл өнері сыйлығы; TİKAV- 2012 Аналар мектебі жобасын қолдау сыйлығы; Нью-Йорк Еуразия кинофестивалі: «Кинодағы үздік әйел суретші» жүлдесі; Самсун үкіметтік емес ұйымының кәсіпкерлік сыйлығы; KAGİDER - қазылар алқасының арнайы жүлдесі.
Дереккөздер
Санат:Түркия актрисалары Санат:Түркия жазушылары