Бақаты, (түпкі атауы Бақа ата)Жуалы — Мыңбұлақ — Қазақстандағы өзен. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы аумағымен ағады. Теріс өзенінің сол жақ саласыТопографиялық карта: k-42-046.

Сипаттамасы

Географиясы Ұзындығы 32 шақырым. Қаратаудың батысындағы Қоңыртөбе жоталарынан бастау алып, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына құяды. left|320px|Шымкент - Тараз тас жолына дейін Үлкен Бақаты және Кіші Бақаты боп екі бөлініп ағып келеді. Арнасы үнемі толып аға бермейді, құрғақшылық жылдары суы мүлде азайып кетеді.

Қар және жаңбыр суларымен, жер астынан шыққан қайнарлармен толығады. Жағасында бірнеше мал жайылымы аумақтары бар.

Өзен суы мал және егін шаруашылығына пайдаланылады. Өзен бойында бөгеттер орналасқан.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Жуалы ауданы өзендері