Иран президенті (, Rayis Jomhur-e Irān) — Иран Ислам Республикасының үкімет басшысы және Жоғарғы көсемнен кейінгі екінші ең жоғарғы лауазымы. Тұңғыш президент, Әбілхасан Банисадр, 1980 жылы сайланды. Қазіргі президент — Масуд Пезешкиан, ол 2024 жылғы шілдеде сайланғалы қызметте.

Өкілеттіктері және міндеттері нобай|солға|Иран Президент Әкімшілігінің ғимараты, Пастер көшесі, Тегеран Президент Парламентте ант бергенге дейін Жоғарғы көсемнің ресми мақұлдауын алуы қажет, ал Жоғарғы көсем сайланған президентті парламент импичмент жариялаған немесе Жоғарғы Сот конституциялық құқық бұзушылыққа кінәлі деп таныған жағдайда қызметінен босатуға құқылы. Президент елдің мемлекет басшысы қызметін атқаратын Жоғарғы Көшбасшыға жауап береді және оның жарлықтарын орындайды.Конституцияның 110-бабы Басқа елдердегі атқарушы биліктен айырмашылығы, Иран президенті үкіметті басқармайды, ол түптеп келгенде Жоғарғы көсемнің тікелей қарамағында. Сайлау алдында президенттікке кандидат болу үшін үміткерлерді Сақшылар кеңесі бекітуі керек. Сақшылар кеңесінің мүшелерін жоғарғы көсем сайлайды. Иран президенті тікелей дауыс беру арқылы төрт жылдық мерзімге сайланады және қатарынан екі мерзімнен артық сайлауға түсуге рұқсат етілмейді.

Президенттің міндеттеріне Жоғарғы көсем бақылауы мен бекітуіне жататын мыналар кіреді: Үкіметтің атқарушы тармағының екінші қолбасшысы (Жоғарғы көсемнен кейін) және министрлер кабинетінің төрағасы Иран армиясы бас қолбасшысының орынбасары Парламент қабылдағаннан кейін елде төтенше жағдай жариялайды (Соғыс жағдайын жариялауға тыйым салынады) Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесін басқарады Мәдени төңкерістің жоғарғы кеңесіне басшылық етеді Иран Бірінші вице-президентін және басқа да вице-президенттерді тағайындайды Министрлер кабинетінің мүшелерін Парламент депутаттығына ұсына алады Барлық шетел елшілерін жібереді және қабылдайды Жарлық шығарады Елге сіңірген еңбегі үшін медаль наградтайды Парламент бекіткеннен кейін шарттарға, хаттамаларға, келісім-шарттарға қол қояды Референдум нәтижелеріне және парламент пен сот органдары бекіткен заңнамаға қол қояды

Президенттер тізімі Бірінші Конституциясы (1979–1989) № Президент Өкілеттігі Саясипартиясы Сайлауы Бұрынғықызметі Премьер-министріБастадыАяқтадыҰзақтығы 1 100px Әбілхасан Банисадрسید ابوالحسن بنی‌صدر100px 25 қаңтар1980 21 маусым1981 1 жыл,138 күн Партиясыз 1980 Қаржы министрі Мұхаммед Әли Раджаи 2 100px Мұхаммед Әли Раджаиمحمدعلی رجائی100px 2 тамыз1981 30 тамыз1981 28 күн ИРП шілде1981 Премьер-министр Мұхаммед Джавад Бахонар 3 100px Әли Хаменеиعلی خامنه ای100px 3 қазан1981 2 тамыз1989 7 жыл,311 күн ИРППДБҚ қазан19811985 Парламент депутаты Мир-Хосейн Мусави

Екінші Конституциясы (1989 жылдан бері) № Президент Өкілеттігі Саясипартиясы Сайлауы Бұрынғықызметі Бірінші вице-президентіБастадыАяқтадыҰзақтығы 4 100px Акбар Рафсанджаниاکبر هاشمی رفسنجانی100px 16 тамыз1989 2 тамыз1997 7 жыл,352 күн ПДБҚ 19891993 Парламент спикері Хасан Хабиби 5 100px Мұхаммед Хатамиمحمد خاتمی100px 3 тамыз1997 2 тамыз2005 8 жыл ЖДБҚ 19972001 Мәдениет министрі Хасан ХабибиМұхаммед-Реза Ареф 6 100px Махмұд Ахмадинежадمحمود احمدی‌نژاد(1956 туған)100px 3 тамыз2005 3 тамыз2013 8 жыл ИИҚО 20052009 Тегеран мэрі Парвиз ДавудиЭсфандияр Рахим МашаиМұхаммед Реза Рахими 7 100px Хасан Руханиحسن روحانی100px 3 тамыз2013 3 тамыз2021 8 жыл МДП 20132017 Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің хатшысы Эсхак Джахангири 8 100px Ибраһим Раисиابراهیم رئیسی100px 3 тамыз2021 19 мамыр2024 2 жыл,290 күн ПДБҚ 2021 Сот билігінің басшысы Мұхаммед Мохбер 100px Мұхаммед Мохберمحمد مخبر(1955 туған)100px 19 мамыр2024 6 шілде2024 48 күн Партиясыз — Вице-президент — 9 100px Масуд Пезешкианمسعود پزشکیان100px 28 шілде2024 Қазіргісі Партиясыз 2024 Парламент депутаты кейін белгілі болады

Дереккөздер

* Санат:Иран мемлекеттік құрылымы