«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» – Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, ұлт үшін басын құрбандыққа шалған қайраткерлігі баяндалған төрті бөлімді тарихи драма. Телехикаяны 2022 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген. 2022 жылдың 24-25 қазаны аралығында «Qazaqstan» телеарнасы эфирінде екі бөлімнен көрсетілді. Телехикаяда Мағжан Жұмабаев өмірінің 1915-1921 жылдар аралығындағы кезеңі қамтылған. Орынборға келуі, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген шағы, Сәкен Сейфуллинмен достығы, Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камаловаға ғашық болуы суреттеледі. Тарихи драмада ақынның замандастары Міржақып Дулатов пен Сәбит Мұқановтың бейнелері де бар.

Түсірілім кезеңі Телехикаяның түсірілім жұмысы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында өтті. Тарихи драма ақын Мағжан Жұмабаевтың Петропавлдағы ізі қалған жерлерде түсірілді. Бас продюсер Назгүл Қарабалина түсірілім барысы 25 күн уақыт алғанын айтқан.

Телесериалда Мағжан Жұмабаевтың жастық шағы көрініс табады. Тұңғыш жазылған өлеңдер жинағы, студенттік өмірі мен алғашқы махаббаты бейнеленген. Мағжанның рөлін актер Мейірғат Амангелді бейнелеген.

Сериалда Мағжан мен Қызылжар мұғалімдер курсының оқытушысы Гүлсім Камалова арасындағы махаббат тақырыбы басты назарға алынады.

Телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай тарихи тақырыпқа телехикая түсірудің өзіндік қиындығы барын айтады:

Пікірлер