Pink Floyd () — 1965 жылы Лондонда құрылған британдық рок-топ. Алғашқы британдық психоделикалық топтардың бірі ретінде ізбасарларын жинай отырып, олар кеңейтілген композицияларымен, дыбыстық эксперименттерімен, философиялық лирикаларымен және күрделі жанды шоуларымен ерекшеленді. Олар прогрессивті рок жанрының жетекші топтарының бірі.

Pink Floyd тобын 1965 жылы Сид Баррет (гитара, вокал), Ник Мейсон (барабандар), Роджер Уотерс (бас-гитара, вокал) және Ричард Райт (пернетақта, вокал) құрған. Барреттің жетекшілігімен олар «Arnold Layne» және «See Emily Play» деген екі хит синглін және сәтті дебюттік «The Piper at the Gates of Dawn» альбомын шығарды (1967). Дэвид Гилмор (гитара, вокал) топқа 1967 жылдың желтоқсанында қосылды, ал Баррет 1968 жылдың сәуірінде психикалық денсаулығының нашарлауына байланысты кетті.

Рок-музыкадағы ең сәтті топтардың бірі: олардың альбомдарының бүкіл әлем бойынша таралымы 250 миллион данадан асады,оның ішінде 75 млн — АҚШ-та.

Дискография The Piper at the Gates of Dawn (1967) A Saucerful of Secrets (1968) Music from the Film More (1969) Ummagumma (1969) Atom Heart Mother (1970) Meddle (1971) Obscured by Clouds (1972) The Dark Side of the Moon (1973) Wish You Were Here (1975) Animals (1977) The Wall (1979) The Final Cut (1983) A Momentary Lapse of Reason (1987) The Division Bell (1994) The Endless River (2014)

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания рок топтары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Billboard 200-де топ бастаған орындаушылар Санат:Billboard Hot 100-де топ бастаған орындаушылар Санат:EMI Records орындаушылары Санат:Capitol Records орындаушылары Санат:Музыкалық квартеттер Санат:1965 жылы құрылған музыкалық ұжымдар