Мұхтархан Қабыланбекұлы Ділдәбеков (19.03.1976 жылы туған, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Абай ауылы) – боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері (2000).

1994 ж. Шымкент гуманитарлық университетіне түскеннен кейін бокспен айналыса бастады. Алғашқы жаттықтырушысы – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллин. 1996 ж. Ташкент қаласында өткен С.Джексон атындағы халықаралық турнирде ауыр салмақта (91 кг-нан жоғары) жеңіс тұғырына көтеріліп, спорт шебері атанды. Үш рет Қазақстанның (1997, 1998, 1999), Бангкокте өткен XIII Азия ойындарының (1998) чемпионы, Қазақстан – Куба боксшыларының жолдастық кездесуінің (1998) және Варшавада (Польша) өткен Ф.Штамм атындағы халықаралық турнирдің (1999) жеңімпазы, дүниежүзілік чемпионаттың (1999, Хьюстон, АҚШ), XXVII Олимпия ойындарының (2000, Сидней, Австралия) күміс жүлдегері. XVIII Олимпия ойындарына (2004, Афины, Грекия) қатысқан.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 1999 жылдың ең үздік спортшысы Оңтүстік Қазақстандықтар Афина олимпиадасында. "Кітап" ЖШС баспаханасы

1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

Аса ауыр салмақКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/8 21.08.1999 Мұхтархан Ділдабеков WO Levan Mekvabishvili 1/4 24.08.1999 Мұхтархан Ділдабеков 8:4 Cengiz Koc 1/2 25.08.1999 Мұхтархан Ділдабеков 3:1 Paolo Vidoz Финал 27.08.1999 Мұхтархан Ділдабеков 4:4+ Sinan Samil Sam

Сидней Олимпиадасы

Аса ауыр салмақКезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы 1/8 23.09.2000 Мұхтархан Ділдабеков 16:5 Grzegorz Kiełsa 1/4 27.09.2000 Мұхтархан Ділдабеков 25:12 Алексис Рубалкаба 1/2 29.09.2000 Мұхтархан Ділдабеков 28:22 Рустам Саидов Финал 01.10.2000 Мұхтархан Ділдабеков 16:30 Эдлей Харрисон

Сілтемелер Мұхтархан алыптарды тәрбиелеуге көшті Спортқа чемпион Боламын деп кел

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Бокстан Олимпиада жүлдегерлері Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Бокстан Азия ойындары чемпиондары