«Чарлимен саяхаттау» — Джон Стейнбектің жолжазба туындысы, 1962 жылы жарияланды.

Американы шарлау барысында жазған шығармада автор өз ойларын қасындағы Чарли атты пуделімен сұхбаттары арқылы жеткізеді.

Стейнбек өзіне «Бүгінгі америкалықтардың тіршілігі қандай?» деген сұраққа жауап табу мақсатын қойған еді.

Кітап Стейнбекке Нобель сыйлығы берілгенге дейін шыққан. Сосын бірнеше айдың ішінде шығарма New York Times газетінің бестселлерлер тізімінде көш бастады.

Бұл саяхатқа жазушы арнайы шанақ орнатылған көлікпен барады. Көлікке Росинант деп ат қояды, бұл Дон Кихоттың сәйгүлігі еді. Жалпы мөлшерде Стейнбек 75 күннің ішінде 10 мыңға жуық миляны артта қалдырды. нобай|солға|250px|Росинант Ұлттық Стейнбек орталығында, Калифорния Дереккөздер

Сілтемелер Travels With Charley: In Search of America

Санат:Джон Стейнбек шығармалары Санат:АҚШ туралы кітаптар