Уәкілбазар атырабы () — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап. Әкімшілік орталығы — Молланепес атындағы кент.
Тарихы 1938 жылы желтоқсанда Түрікмен КСР Уәкілбазар ауданы болып құрылған. 1939 жылы қарашада Уәкілбазар ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1957 жылы 12 желтоқсанда Уәкілбазар ауданы таратылып, оның аумағы жартылай Мары ауданына, бір бөлігі Байрамалы ауданына берілдіВедомости Верховного Совета СССР. № 2 (897), 1958 г..
1975 жылы ақпанда Мары облысының құрамында Уәкілбазар ауданы қалпына келтірілді. 1992 жылы Уәкілбазар ауданы Уәкілбазар атырабы болып өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
Сілтеме Дүниежүзілік тарихи жоба
Дереккөздер
Санат:Мары уәлаяты атыраптары