«The Way We Were» — «Осындай болып едік» фильмінде Барбра Стрейзанд орындайтын ән. Ол 1974 жылдың Үздік фильм әні үшін Оскар сыйлығын, Алтын глобусты және 1975 жылдың «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған. Музыкасын Марвин Хэмлиш, әнін Алан және Мэрилин Бергмандар жазған.
Сингл 1973 жылдың 27 қыркүйегінде сол аттас альбом құрамында шықты. Бұл Стрейзандтың 15-ші альбомы болған. Әншінің кейінгі жинақ альбомдарына да және концерттік альбомдарға да бұл ән енген.
АҚШ-та сингл платиналық сертификатқа,American single certifications – Barbra Streisand – The Way We Were ал Аустралияда алтын сертификатқа ие болған.ARIA Charts – Accreditations – 2021 Singles
Америкалық Billboard Hot 100 чартында ән бірінші орынға көтерілді және жыл қорытындысы бойынша осы чарттың лидері болды.Top 100 Hits for 1974
Әнде фильмнің екі бас кейіпкерінің арасындағы қарым-қатынастарының жарқын сәттерін еске түсіру кезінде пайда болатын меланхолия һәм ностальгия сезімдері жайлы айтылады.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Оскар сыйлығын алған әндер Санат:Жыл әні үшін Грэмми сыйлығы